Нұр-Сұлтан
Қазір
-25
Ертең
-10
USD
511
-4.57
EUR
540
-4.99
RUB
5.15
-0.02

Көші-қон мәселесін реттеудің жолы қандай?

Ал ғалым Ирина Черных өз кезегінде: «Қазақстанда көші-қон мәселесімен әлі күнге дейін күштік құрылымдар айналысып келеді. Негізінде бұл мәселеге күштік құрылымдардан тыс әлеуметтік сала құрылымдарын, оның ішінде психологтарды, заңгерлерді, әлеуметтік қызметкерлерді және тағы да басқа мамандық иелерін көптеп тарту қажет. Осының арқасында көшіп қонушылар жаңа жерге тез бейімделіп, тез сіңісетін болады» деді.

Саясаттанушы Андрей Чеботарев күні кеше ғана елімізде көші-қон саясатының 2017-2021 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданғанын айтты.

«Қазақстан ауқымды жұмыс күшін қабылдауға қаншалықты әзір? Ертеңгі күні қазақстандық және шетелдік жұмысшының арасында кикілжің туса Үкімет бұл мәселені қалай шешпек? Мұндай кикілжіңдердің орын алғаны да жасырын емес қой? Ал мұндай кездері тәртіп пен жүйені қалай және қандай жолмен қамтамасыз ете аламыз? Осы жайында ойландық па?», – деді саясаттанушы.

Жиынды түйіндеген саясаттанушы Рұстам Бұрнашев бұл ретте: «Көші-қон мәселесіне келгенде Қазақстанның да, Ресейдің де нақты ұстанымы жоқ. Ал осы туралы мәселе көтерілгенде екі жақтың ұстанымдары көбіне көп қайшы келіп жатады. Соның бірі зейнетақы төлеу мәселесі. Әлеуметтік қамсыздандыру жолдары және сырттан келушілердің дипломын қабылдау мәселесі» деді ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз