Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
17
USD
442
0.00
EUR
476
0.00
RUB
4.86
0.00

Коронавирустан өлу қаупі кімдер үшін жоғары? – ғалымның пікірі

452
коронавирус

Саясаттанушы Данияр Әшімбаев Сovid-19 жұқтыру бойынша күнделікті берілетін статистикадан бас тартуды ұсынды. Ол не болып жатқанын нақты көрсетпейді деп санайды. Демек, оны пандемияға қатысты шешім қабылдауға негіз ретінде пайдаланудың еш мәні жоқ – оның орнына Денсаулық сақтау министрлігі аурудың алдын-алудың ойластырылған жүйесін құруы керек. Бір маска режимі жеткіліксіз.

Статистика жасамау мүмкін емес 

Бұл туралы қазақстандық ғалым, акушер-гинеколог және репродуктолог Вячеслав Локшин де өз пікірін білдірді. Оның айтуынша, бәрі бірдей бола бермейді.

Статистика жағдайды басқаруға мүмкіндік береді. Одан да және маскадан да бас тартуға болады, бірақ онда Қазақстанның денсаулық сақтау саласы пациенттердің көбеюіне төтеп бере алмайды

Адамның да, материалдық ресурстар да жеткіліксіз:

— Біз қазір коронавирустың жаңа штаммы мен халықты немқұрайлылығынан туындаған кезекті толқынның куәсі болып отырмыз. Жаңа “Дельта” штаммы бұрынғы, “уханьдық” және “британдыққа” қарағанда күрделірек. Ол жастарға да жұғуда. Одан жаппай вакцина салдыру ғана құтқарады, оған АҚШ, Израиль, Канада, Ұлыбритания мысал бола алады. Ол жақта да жұқтырғандар көбірек екенін көріп отырмыз, бірақ ауыр формалары жоқ. Жағдайы стационарлық емдеуді қажет ететін науқастар өте аз, көпшілігі үйде емделеді. Өйткені, егер вакцинацияланған адам ауырса, оның өміріне қауіп 99%-ға азаяды. Және бұл жағдаймен күресу оңай , — деп атап өтті ол.

ЖҚТБ тәрізді жазалау

Оның пікірінше, Ashyq-тың арқасында қазір қоғамдық орындарда алаңсыз жүретін ПТР тесті оң адамдарды анықтау мүмкіндігі бар.

— Соларды жазалау керек деп санаймын. Егер ол өзінің мәртебесін біле тұра, басқаларға жұқтыруға бара жатса, басқаша қалай болады?! Мысалы, бізде ЖҚТБ бойынша осындай заңнама бар

Егер адам өзінің ЖҚТБ-мен ауыратынын біле тұра, басқаға жұқтыратын болса, онда жазаланады. Коронавирус жаңа және өте қауіпті инфекция екенін түсінуіміз керек. Кімде пневмонияның ауыр салдары дамитынын және кім өлетінін ешкім білмейді.

Алдын алу шаралары әрдайым тиімді бола бермейді

– Медицинаның барлық күш-жігерін салғанына қарамастан, қанша танымал адамдар жұқтырып, қайтыс болып жатқанын көріп жүрміз. Өзім де коронавирустық пневмониямен ауырдым, бірақ бұрын тіпті ауыр тұмауды да жеңіл көтеретін едім. Бұл ойыншық емес. Және

тіпті алдын-алудың нақты шаралары жоқ – мысалы, тыныс алу жаттығуларын жасауды үйрету немесе дәрумендер ішу. Мен мұның бәрін жасадым, бірақ бәрібір жұқтырдым

Жас спортшылар ауырып, қайтыс болуда. Сондықтан, иммунитетті нығайтудың және спортпен айналысудың ешқандай қатысы жоқ. Мүмкін, онда басқа механизмдер жұмыс істейтін шығар, мүмкін генетикалық болуы мүмкін, әзірге білмейміз”, — дейді Локшин.

В. Локшин

Жасанды демалдыратынға келесі кім?

Ол жалған вакцинация паспорттарын алу жағдайларын қоғамдық сана мен сыбайлас жемқорлықтың төмен деңгейінің нәтижесі деп санайды. Бұл тәсілдің нәтижесі қайғылы болады.

– Маған профессор Алмас Шарманның айтқаны өте ұнады

жақында “вакцинацияға қарсылар” реанимация бөліміне кезекке тұрады. Өкінішке орай, солай: бүгінде жасанды тыныс алу аппаратына негізінен вакцинацияланбағандар жатуда

Олардың арасында вакцинацияның “жалған” төлқұжаты бар адамдар көп, олар сол кезде ғана қандай ақымақтық жасағанын түсінеді. Вакцинацияланғандар, жұқтырса да ауыр зардабын тартпайды. Бұл әлемдік тәжірибе. Сондықтан пандемия жағдайында өзін-өзі қорғау ережелері қарапайым: біріншісі — вакцинация, екіншісі — қашықтық, үшіншісі — гигиена және төртіншісі – ғимарат ішінде маска кию. Көшеде маска кию не үшін қажет екенін түсінбеймін, бірақ көптеген елдерде бұл міндетті шара.

Жақында БАӘ-де болдым. Онда, егер сіз көшеде маскаңызды шешсеңіз, сізге 80 доллар айыппұл салынуы мүмкін

Бұл адамдарды тәртіпке шақыру үшін жасалған шара боулы мүмкін, – дейді ғалым.

Той әуесқойлары

Вячеслав Локшин: вакцинация алу қарқынының төмендігі мен covid-19 жұқтырғандар санының өсуін ескерсек, дәрігерлер үлгере алмайтын сәт пайда болуы мүмкін, ал ауруханаларда орындар қайтадан жетіспейді.

– Бүгінде тәулігіне 5,5 мың адам инфекция жұқтыруда. Одан да көбеюі мүмкін. Локдаун да көмектеспейді. Оны қайтадан енгізетіні де нақты емес, өйткені ел экономикасы бұған төтеп бере алмайды. Ал

адамдар үйде жатып өледі. Әсіресе тойға, үйлену тойларына және құдай тамаққа баратындар. Бұл өте қайғылы.

Құдай тамақтан кейін әрбір оныншы адам ауырған жағдайды білеміз, ал “Дельтадан” тең жартысы ауыруы мүмкін және олардың төрттен бірі аман қалмайды. Әсіресе созылмалы аурулары бар адамдарға, тіпті онкологиясы бар адамдарға да вакцина алу керек.

Қатерлі топ

– Егер онкологияға “ковид” қосылса, адам өледі. Диабетиктер мен қан қысымы  жоғары науқастар “ковид” жұқтырса, қайтыс болу ықтималдығы жоғары. Жүктілікке дейін де вакцина алу керек, өйткені жүкті әйелдер арасында коронавирустан болатын өлім-жітім көрсеткіші жоғары. Вирус жұқтырғанда ауыр өтеді, түсік тастауға және мерзімінен бұрын босануға әкеледі. Өкінішке орай, біз осының бәрін көріп жүрміз. Енді адамдарды қалай қорғауға болатынын ойлауымыз керек. Егер вакцина алмаса, онда толық оқшаулау қажет. Бірақ бұл мүмкін емес екенін түсінеміз. Бала үйіне келіп, вирус жұқтырады – қазір балалар көбінесе вирустың тасымалдаушысы болып жатыр. Уақыт өте келе Қазақстанда біз жүкті әйелдерді де, балаларды да вакцинациялаймыз деп ойлаймын. Шынында да, медицинада екі ауыр зардаптың ішінен біз әрқашан зияны азын таңдаймыз. Дәрінің қарсы көрсетілімі бар болса да, асқыну қаупі жоғары болса сол дәрі қолданыла бастайды. Әсіресе акушерияда біз мұндай таңдауды жиі қолданамыз”, – деп қорытындылады Локшин.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз