Алматы мен Нұр-Сұлтанда енгізілген карантин режимі саналы азаматтарды пәтерінде отыруға мәжбүрледі. Өз еркімен немесе мәжбүрлі түрде үйде отырған адамдар, бірнеше күннен кейін философтарға айнала бастады. Бұл вирустың ең жақсы салдарының бірі.
Адамның арманы не? Жұмыс істемеу, ешкіммен араласпау және үйде отыру
Психологтың айтуынша, онған жұмыс істей алмайтын және өзіне деген сенімділігін жоғалтқан адамдар келеді.
—Олар жұмыстағы жүктеме мен ырғаққа төтеп бере алмайды, жұмыстан да шыға алмайды. Оларға ақша қажет болғандықтан, барлығын мәжбүрлі түрде істейді. Ақыр соңында күйзеліске ұшырайды. Ұйқы қашып, тамаққа тәбеті тартпайды, жылайды, ашуланшақ болып, ұрсысуға, соғысуға дайын тұрады. Достарымен араласудан қалады. Олардың жай ғана жолдас екенін түсінеді.
Адамдар бір-бірімен жай ғана, еш себепсіз араласпайтын болды. Барлық нәрседен пайда көріп тұрады
— Кейбір туысқандарымызбен байланыс үзілді, олар шақырусыз келмейтін болды. Ағайынның ара қатынасы туралы түрлі әңгімелерді қанша құптасақ та, нақты жағдай басқаша.
Шындығында келгенде біреулердің жаны жалғыздықты, тыныштықты қалайды. Басқа біреулер екі отбасының ортасында өмір сүруден, сырттағы жүріс-тұрыстарын жасырып, жұбайын алдаудан жалығып кетеді.
Бүгінде барлық осы секілді шиеленіскен қарым-қатынастар тоқтады
Психолог өздеріңізге бірнеше сұрақ қойыңыздар деп кеңес береді.
— Кез келген діндар адамдар бастапқыда жүрегіндегі мейірімділікті, махабатты, жақсылыққа, жоғарыдағы күштерге деген сенімін жоғалтады, ары қарай қорқыныштың төменгі вибрацияларымен бірге түрлі аурулар келетінін айтады.
Бұл замануи адамның әдеттегі ойлары мен уайымдарының бір бөлігі ғана.
— Егер заманауи тұмаудың психосоматикасына қарайтын болсақ, пневмония дегеніміз тыныс алу қабілетінің бұзылуы.
Біріншіден, ол созылмалы күйзелістен болған ішкі органдардың қысылуы.
Екіншіден, адамдардың өз өмірінен жалығуы. Олар бұндай өмірден бас тартып, онда тыныс алуын тоқтатқысы келеді.
Даму, бақыт, махаббат, денсаулық, отбасы, бала, жұмыс, құрмет, құндылықтар, тазалық, бір сөзбен айтқанда өмірдің мәні жоқ. Өзіңнің басқаларға керек екеніңді сезінбейсің.
— Сырттай қарағанда адамдар бақытты, дені сау немесе бай-қуатты болып көрінуі мүмкін. Алайда вирус шындық құралы секілді, жағдайдың екінші қырын көрсетеді.
Қазір дәрігерлер пандемияның таралуының себептерін іздеп жатыр, ал сасаткерлер, психологтар мен экономистер өз салаларындағы мәселелерді шешуге тырысып, барлығына ортақ бір заңды түсінуге ұмтылуда.
Адамдар сыртқы мәселелерге алданбайды, олар түпкі шындықты түсінушге тырысады. Психология тілінде оны бейсаналы, рухани ұғымда діни түсініктер дейміз
Осы айтылған ұғымдар ғана жеке адамның да, қала мен елдің, жалпы алғанда ғаламның шындығын көрсетеді. Сонда ғана вирустың адамдардың бейсаналы тілектерін тез, нақты және қатесіз орындап жатқанын мойындаймыз.