Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-10
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

«Конституциялық реформаның заңнамалық қамтамасыз етілуі» тақырыбында брифинг өтті

373

Реформаларға сәйкес мемлекет басшысының бірқатар өкілеттіктерін қысқарту, Парламентті күшейту және оны қалыптастыру моделін өзгерті, жалпы сайлау жүйесін жетілдіру және сайлау процестерін жаңғырту, мемлекеттің құқық қорғау институттарын күшейту ұсынылды.

Реформаларды толыққанды жүзеге асыру үшін алты заң қабылданды, оның төртеуі Конституциялық.

Мәселен, келесі негізгі бағыттар бойынша өзгерістер енгізілді.

Бірінші. Президентке қатысты түзетулер. Президенттің жергілікті атқарушы органдар мен Жоғарғы Сот Кеңесіне қатысты жекелеген өкілеттіктері қысқартылды, Парламент Сенатында «Президенттік квота» қысқартылды, сондай-ақ Президенттің жақын туыстарына лауазымдарға орналасуға шектеулер енгізілді.

Парламент Сенатының депутаттарын, Конституциялық Соттың және Жоғары Сот кеңесінің төрағаларын тағайындау жөніндегі Президенттің өкілеттіктерін өзгертуге қатысты нормалар көзделген.

Президенттің қайта сайлау құқығынсыз жеті жыл мерзімге сайланатындығы туралы Конституцияның жаңа ережелеріне сәйкес келтіруге бағытталған нормалар бекітілді.

Екінші. Парламентке қатысты түзетулер. Мәжілісте аралас сайлау жүйесіне көшуге байланысты Парламент Палаталарын қалыптастыру тәртібі және Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсыныстары бойынша «Президенттік квотаны» қалыптастыру тәртібі өзгертілді. Сонымен қатар, қабылданған конституциялық түзетулерге сәйкес Парламенттің бірқатар жаңа өкілеттіктеріне бірқатар нақтылайтын өзгертулер енгізілді.

Үшінші. Үкіметке қатысты түзетулер. Кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда Үкіметке заң күші бар уақытша қаулылар қабылдау өкілеттігі беріледі. Мұндай актілерді қабылдаудың эксклюзивтілігін ескере отырып, мұндай актілерді негізсіз қабылдау тәуекелдерін барынша азайту үшін барлық мүмкін жағдайлар мен талаптар көзделгенін атап өту маңызды.

Төртінші. Сайлау заңнамасына қатысты түзетулер.

Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарда аралас сайлау жүйесіне көшуге байланысты сайлауды өткізудің бүкіл жүйесі қайта құрылды.

Сегізінші шақырылымнан бастап Парламент Мәжілісі жаңа жүйе бойынша жұмыс істейтін болады, – депутаттардың бір бөлігі партиялық тізімдер бойынша (69), бір бөлігі бір мандатты аумақтық округтер бойынша сайланатын болады (29).

Бұл депутаттардың бір бөлігі партиялық тізімдер арқылы, бір бөлігі кандидатты халық тікелей сайлау арқылы сайланатынын білдіреді.

Өз кезегінде, өңірлер мәслихаттары мажоритарлық жүйе бойынша 50%, партиялық тізімдер бойынша 50% қағидаты бойынша құрылатын болады.

Аудан мәслихаттары тек бір мандатты округтер бойынша.

Сайлау процесінің өзі уақыт талаптарына сүйене отырып жетілдіріледі.

Депутаттық мандатты қайтарып алудың жаңа институты енгізілуде.

Императивті мандат дегеніміз егер бір мандатты округ бойынша сайланған депутат қоғамның сұраныстарын қанағаттандырмаса, мұндай депутатты қайтарып алу мүмкіндігі.

Шын мәнінде – бұл сайланатын депутаттардың жауапкершілігін арттыру тетігі және олар мәлімдеген сайлауалды бағдарламаларды іске асыруға ынталандыру.

Бұл ретте мұндай модель кезінде депутаттың өкілеттігін тоқтату да аралас: не кандидатты партиялық тізімнен шығару, саяси партияны тарату не сайлаушылардың депутатты кері қайтарып алуы.

Бесінші. Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлау кезең-кезеңімен енгізілуде.

Әкімдерді сайлау үш кезеңде өтеді, 2023 жылы әкімшілік-аумақтық бірліктердің 25%, 2024 жылы 25%, ал 2025 жылы барлық аудандар мен облыстық маңызы бар қалаларда өтеді.

Бұл ретте пилоттық өңір облыс әкімінің ұсынысы бойынша облыс мәслихатының шешімімен айқындалады.

Алтыншы. Сайлау процесін жетілдіруге бағытталған өзгерістер енгізілді – бұл әлеуметтік желілердегі үгіт-насихатқа рұқсат беру, аумақтық сайлау комиссияларын кәсіби негізге ауыстыру, сайлау қорларына ерікті қайырымдылықтардың шекті мөлшерін белгілеу және басқа да өзгерістер.

Жетінші. Саяси партияларды тіркеу үшін қойылатын талаптар: 20 мыңнан 5 мың мүшеге дейін, саяси партиялардың өңірлік өкілдіктерінің ең аз санына қойылатын талаптар 600-ден 200 адамға дейін, саяси партия құру үшін азаматтардың бастамашыл тобының ең аз санына қатысты талаптар 1 мыңнан 700 адамға дейін төмендетілді. Сондай-ақ, мұнда саяси партия құру жөніндегі құрылтай съезін өткізу мерзімін 2 айдан 3 айға дейін ұлғайту бойынша түзетулер көзделген.

Сегізінші. Жерге, оның қойнауына, суларына, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне, басқа да табиғи ресурстарға қатысты халық меншігін белгілеу бөлігінде Конституцияның 6-бабына қабылданған түзетулерге ұқсас нақтылайтын түзетулер енгізілді.

Тоғызыншы, бұл судьялық лауазымдарға конкурстық рәсімдерді онлайн-трансляциялауды енгізуге, норма шығару процесін жеңілдетуге және нормаларды реттеу деңгейлерін нақтылауға, мәслихат төрағасы лауазымын енгізуге бағытталған жекелеген түзетулер.

Жалпы, заң жобаларын қабылдау жүргізіліп жатқан саяси реформалардың сапалы іске асырылуын қамтамасыз етеді.

Оныншы. Конституциялық Сот.

Өздеріңіз білетіндей, келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап Конституциялық Сот өз қызметін бастайды.

Конституциялық Сот – бұл мемлекеттің конституциялық негіздерін және адамның конституциялық құқықтарын қорғауға арналған әлемдік модель.

Қазақстанда осындай институтты құру еліміздің құқық қорғау жүйесін жаңғырту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Конституциялық Соттың қызметі үшін заңнамалық, құқықтық негізді қамтамасыз ету, оған Конституциямен жүктелген өкілеттіктерді іске асыру мақсатында «Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» Конституциялық заң қабылданды.

Конституциялық заң Конституциялық Соттың және оның судьяларының мәртебесін, олардың өкілеттіктерін, кепілдіктері мен қамтамасыз етілуін толық ашады. Сондай-ақ конституциялық іс жүргізуді жүзеге асыру тәртібі егжей-тегжейлі регламенттелген.

Конституциялық Сот еліміздің барлық аумағында Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ететін орган болып табылатынын және биліктің сот тармағына жатпайтынын атап өткім келеді, өйткені бұл мәселе Конституцияда нақты шешілген.

Бұл Конституциялық Сот сот шешімдерін қайта қарамайды немесе күшін жоймайды дегенді білдіреді.

Реформаның басты жаңалығы – азаматтарға Конституциялық Сотқа тікелей жүгіну құқығын беру болып табылады. Бұрын мұндай мүмкіндік қарастырылмаған болатын.

Енді, Конституциялық Сот азаматтардың өтініштері бойынша олардың құқықтары мен бостандықтарын тікелей қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді Республика Конституциясына сәйкестігін қарайтын болады.

Азаматтармен қатар, Бас Прокурор мен Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Конституциялық сотқа жүгінуге құқылы.

Осы ережелердің барлығы Конституциялық заңда тиісті реттеуді тапты.

Он бірінші. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл.

Қабылданған «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Конституциялық заңның мақсаты адам және азамат құқықтарын іске асырудың кепілі ретінде Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің конституциялық мәртебесін бекіту бөлігінде Конституцияға енгізілген өзгерістерді іске асыру болып табылады.

Конституцияның 83-1-бабының нормаларымен Уәкіл қызметінің міндеттері, оның тәуелсіздігінің кепілдігі бекітілген. Бұдан былай Уәкілдің құқықтық жағдайы мен қызметін ұйымдастыру Конституциялық заңмен айқындалады.

Уәкілдің құзыреті күшейтілді.

Атап айтқанда, Конституция нормаларын іске асыру үшін уәкілдің Конституцияда бекітілген адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігі мәселесі бойынша Конституциялық Сотқа жүгіну құқығы көзделген.

Уәкілдің қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарға кедергісіз кіру құқығы бекітілді.

Уәкілдің мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, өзге де ұйымдар мен азаматтар арасындағы дауларды реттеу жөніндегі қоғамдық диалогқа қатысу мүмкіндігі және оларға тиісті ұсынымдар беру мүмкіндігі бекітілді.

Сонымен қатар, сайлау заңнамасына өзгерістер енгізуге, Конституциялық Сот құруға, Есеп комитетін Жоғары аудиторлық палатаға айналдыруға, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мәртебесін нығайтуға байланысты «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекске тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз