Отбасылы азаматпен көңіл қосқан Асылым Арманқызы (есімі өзгертілді) жұрттан кеңес сұрады. Ол сүйіктісінен жүкті болып қалған екен. Ал сүйіктісі өзі атастырылып қойған қызға үйленіп кеткен.
Бұл туралы «Мен әйелмін» парақшасында жазылды.
Қазақстандық келіншек біраз уақыттан бері отбасылы азаматпен кездесіп жүр. Жуырда одан бала көтеріп қалған екен. Алайда жігіт баладан бас тартып отыр. Осы орайда, келіншек жұрттан ақыл-кеңес сұрады.
Мені ұнататын ажырасқан басқа бір жігіт бар еді. Екеуіміз жерлеспіз. Сол жігіттің тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасап жүргеніне көп уақыт болды. Күзетші болып жұмыс істейді. Аяғым ауыр екенін айтсам да, маған үйленуге келісіп отыр. Қазір қандай шешім қабылдайтынымды білмеймін. Баладан бас тартайын ба? Әлде көзімді жұмып тұрмысқа шығып кетейін бе? Кеңес беріңіздерші. Бірақ, ауыр сөздер жазбауларыңызды сұраймын. Жай ғана ақыл-кеңестеріңіз керек болып тұр», – дейді Асылым Арманқызы.
Дереккөз: Stan.kz