Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

«Көмектесетіндер» осындайда табыла кетеді: ХҚКО жұмысы неліктен нашарлап кетті және оны қалай жақсартуға болады?

Карантиннің күшеюі Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысына да әсер етті. Бас санитарлық дәрігердің жарлығына сәйкес, қызметтерді алу тек сағат 9-дан 18-ге дейін жазылу арқылы жүзеге асырылады.

Алматы ХҚКО-ларында бұл жаңалық 2021 жылдың наурыз айынан бастап күшіне енді. Басқа аймақтар да осындай режимде жұмыс істеуде. Мұндай шаралар азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін енгізілген. Алайда қызметтерді алудың қолайлылығы тұрғысынан олардың өмірі айтарлықтай қиындай түсті.

Тек шектеулі мөлшерде

Мысалы, төлқұжат алу немесе жеке куәлікті ауыстыру үшін ХҚКО-ға оңайлықпен жазыла алмайсың – екі апта бұрын кезекке тұру керек. Бірден қоңырау шалу мүмкін бола қоймайтын жедел желі кеңесшілері процесті тездету үшін басқа бөлімдерге өтініш беруді ұсынады. Алайда, іс жүзінде мұны істеу қиын – Алматының барлық ХҚКО-лары үлкен жүктемемен жұмыс істеп жатыр.

“Азаматтарға арналған үкіметтің” баспасөз қызметі мұны жаңа режимге байланысты ХҚКО күніне келушілердің шектеулі санын ғана қабылдай алатындығымен түсіндіреді.

Клиенттер көп, қызметкерлер аз

 — Біз қалыптасқан жағдайды шешуді ойластырып жатырмыз. Министрлік бұрын қабылдаған стандарт бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге 20 минут бөлінеді. Сондықтан брондау кезінде дәл осындай уақыт мөлшері есепке алынады.

Біз бақылау жүргізіп, мынаны анықтадық: бір адамға қызмет көрсету үшін орта есеппен 20 минуттан аз уақыт кетеді. Қазір бұл уақытты қысқартуға тырысудамыз

 Бұл келушілерді көбірек қабылдауға мүмкіндік береді, – деп атап өтті ведомство.

Сонымен қатар, жазғы кезеңде шетелдік төлқұжаттарды ресімдеуге өтінімдер саны күрт артады. ХҚКО-лар тек бронь бойынша қабылдайтындықтан, бұл қызметті алу үшін кезекке бірнеше апта бұрын тұрады.

– Төлқұжат ресімдеу қызметін ҚР ІІМ Көші-қон полициясының 2-3 қызметкері көрсетеді

Қалыптасқан жағдайды шешу үшін біз осы Министрлікпен келіссөздер жүргіздік. Жақын арада пилоттық жоба басталады. Енді бұл қызметті ХҚКО қызметкерлері де көрсете алады, — дейді олар.

Неліктен қоңырау шалу қиын

Сондай-ақ, баспасөз қызметі операторға қоңырау шалу неге қиын екенін түсіндірді.

Алдын ала бронь жасау бойынша қызмет алуды енгізгеннен кейін call-орталыққа жүктеме 65%-ға өсті. Сондықтан жауап алу үшін күту уақыты созылды

Бұл жағдайды түзету үшін:

  • Петропавл, Көкшетау, Қызылорда және Қостанай қалаларында бірыңғай байланыс орталығының қосымша кеңселері ашылды
  • операторлардың әрекеттерін онлайн-бақылау пайда болды
  • дыбыстық роботтың жұмысы жаңартылды
  • операторларды қосымша оқыту жүргізілді

– Call-орталықтың өткізу қабілетін арттыру үшін омниарналы платформаға көштік. Бұл қоңырауларды ғана емес, сонымен қатар аудио және бейне хабарламаларды да қабылдауға мүмкіндік береді

Сондай-ақ клиенттермен мәтіндік чатта өзара сөйлесуге болады. Нәтижесінде маусым айында қоңырау шалу деңгейі 69-дан 92%-ға дейін өсті, – деп атап өтті “Азаматтарға арналған үкіметтің” БАҚ-пен жұмыс департаментінде.

Олардың айтуынша,

орташа алғанда, оператордың жауабын күту уақыты 5 минуттан 48 секундқа дейін төмендеді. Алайда, көптеген адамдар әлі де 40 минутқа дейін күтуге мәжбүр

Адамдар қоңырау үзіліп кететініне шағымданады, содан кейін автоматты жауап беру құрылғысы  дауысын да ести алмаған оператордың жұмысын бағалауды сұрайды.

Пандемия және цифрландыру

Қазақстанның Интернет ассоциациясының президенті Шавкат Сабиров ХҚКО-лардың ағымдағы жұмысына өз бағасын берді. Оның байқауларына сәйкес, пандемия олардың жұмысына теріс әсер еткен. Көптеген бөлімшелер қысқарып, басқа ғимаратқа көшті. Көптеген қызметтер онлайн режимге ауыстырылды.

– Әлдеқайда ыңғайлы және жайлы болу керек сияқты. Бірақ

олар құжаттарды қабылдауға байланысты қызметтерді ғана автоматтандырғаны белгілі болды. Ал өзі бару керек жерде, былық көп болуда

Арнайы ХҚКО да жағдай осындай. Біз қайтадан 90-шы жылдарға оралғандай сезінеміз. Ол кехже төлқұжат бөлімдерінде кезекке тұру үшін ақы төлеп, бірнеше апта күтуге тура келетін.

Менеджменттің сәтсіздігі

Бүгінгі жағдай — бұл менеджменттің әдеттегі сәтсіздігі деп санаймын. Құжат алу үшін екі апта кезекте тұру –бұл үшін ешқандай ақталудың қажеті жоқ.

Шавкат Сабиров

ХҚКО-да жұмыс жақсы жолға қойылған, азаматтардың 5-10 минуты кетеді. Жақсы менеджер келіп, бұл процесті қайта құруы керек. Қазір мәселе тек ұйымдастыруда, – дейді Сабиров.

Оның пікірінше,

мемлекеттік машина істен шыққан жерде сыбайлас жемқорлықтың ізі пайда болады

Жеке қызметтерді алуды тездету үшін әрдайым “көмекшілер” дайын тұрады. Белгілі бір сомаға олар кезекті де алға жылжытып береді және басқа да көмек көрсетеді.

– Коронавирустық пандемия бәрін қиындатты. Біздің барлық цифрландыру үш-төрт менеджерге тәуелді екенін көрсетті. Қалғандары іс жүзінде жұмысты атқара алмайды, – деп қорытындылайды сарапшы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз