Көкшетаудағы М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғаныс академиясында 22 жастағы оқытушының денесі табылды. Ол бұл оқу орнында 2024 жылдың жазынан бастап жұмыс істеген.
Марқұмның денесін академия магистратурасының курсанттары оқу ғимаратындағы кабинеттердің бірінен тапқан. Алдын ала мәліметке сәйкес, ол өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін.
Құқық қорғау органдары бұл оқиға бойынша «өз-өзін өлтіруге итермелеу» бабымен қылмыстық іс қозғап, оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтауға кірісті.