Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Кластасым ғой…”. Тәуекел Мүсілім аңдамай Қайрат Нұртастың сырын ашып қойды

320

Қайрат Нұртас, Тәуекел Мүсілім, Бауыржан Сатов және футболшы Жамбыл Көкеев – сыныптастар! Бір мектепте білім алған жігіттерді, бүгінде жұрт жақсы таниды. Бірақ, оқушы кезінде бала Қайраттың атақты әнші болатыны қатарластарының үш ұйықтаса түсіне де кірмеген.

https://kaz.365info.kz/armanym-yshin-khajrat-nyrtas-otbasyn-tastap-ketti-298441

“Қайрат ән айтып жүрген кезде мен аса бір, былай айтатын болсақ тек әнші ретінде қабылдамайтынмын. Баласың ол кезде. Және де әр мереке сайын ән айта берген соң, жалығып кетесің. Ал, былайша қазір енді барлық әндері ұнайды”, – дейді Тәуекел.

Тәуекелдің сөзінше, Қайрат Нұртас озат оқушылардың да тізімінде болмаған.

“Жақсы оқыды деп айтпаймын. Әйтеуір орта деңгейдегі оқушы болды. Арасында төбелесіп те жүрдік. Бұзық та болатынбыз. Арасында футболда ойнаймыз. Сондай оқушы болған ол!” – дейді Тәуекел.

https://kaz.365info.kz/khajrat-nyrtas-tosek-khatynasy-bar-koriniste-zhyldyzdyn-ornyn-dubler-almastyrdy-video-284623

Ал, Анар Батырхан колледж қабырғасында Төреғали, Асылхан, Аян, Алтынай Жолдыбаева сынды танымалдармен бір топта оқыған. Бүгінде, барлығы отандық шоу-бизнестің қазанында қайнап жүргенімен, актрисаның жанына жақыны – кіші Төлепов.

“Себебі, біз Асылхан екеуміз бірінші сыныптан бастап бірге өстік. Бізді барлығы апалы-сіңілілер, егіздер деп айтатын. Біз өнер академиясына түспей тұрып, мектепте «Асыл мұра» театрына барып, актер болуды армандаған болатынбыз”, – дейді Анар.

Оқушы кезін дарынды балаларға арналған мектепте өткізген Рүстем Нұржігіттің де талантты әрі танымал сыныптастары бар!

“Ақбота Керімбековамен бірге оқыдық. Өзі бір ер мінезді, жылдам болатын. Ешқашан, бір анау-мынау қалжыңды көтере алмайтын. Бір айтса соны орындау керек те. Сондай ер мінезді”, – дейді Рүстем Нұржігіт.

https://kaz.365info.kz/khajrat-nyrtas-pen-ajeli-balalaryn-bolip-aldy-foto-309881

Сондай-ақ, айнымас құрбылар Динара Сұлтан мен Мөлдір Әуелбекова да төрт жыл бойы Өнер Академиясында бір топта білім алған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз