Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
8
USD
430
-2.45
EUR
505
-1.23
RUB
5.55
+0.03

Үкіметке большевиктерден үлгі алған жөн – Айдос Сарым

Ajdos-1-300x300

Айдос Сарым

– Кезінде Израильде «Бұл жерде арабтардың жер-су аттары сақталып қалған. Бұл мәселені қалай шешеміз?» деген пікір талас болған. Сонда ел басшылары «Біз арабтардың бірде бір атауын қалдыра алмаймыз. Өйткені бір атаудың өзі арабтардың рухани үстемдігін паш етеді» деген екен. Сондықтан да бізге де большевиктік бағытта қойылған атаулардан жаппай бас тарту керек. Солтүстікті айтпағанда, Оңтүстік өңірдегі Алматыдан бүкіл КСРО-ның картасын көресің. Өкінішке қарай, біз ономастикаға қатысты мортарийді дұрыс пайдалана алмадық, – дейді саясаттанушы.

Айдос Сарым ел үкіметі ономастика мәселесінде болшевиктерден үлгі алуы керек деп есептейді. Мәселен,  КСРО кезінде кез келген қалада Ленин, Маркс, Энгелс атындағы және Коммунист көшелері болатын-ды.

– Ономастика комиссиясы қазаққа еңбегі сіңген 400-500 азаматтың тізімін жасауы керек. Аталған тізімге Атилладан бастап, осы кезеңге дейінгі тұлғалардың есімі кіруі тиіс. Міне сол тізім бойынша бірінші санаттағы азаматтардың есімі қалалардың ең басты көшелеріне берілуі керек. Өйткені кейбір аймақтарда жершілдік пен рушылдыққа салынып кетіп жатанымыз жасырын емес… Ал

 елге еңбегі нағыз  сіңген азаматтардың есімі адам баруға ұялатын көшелерге берілген

– дейді Айдос Сарым.

 

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз