Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Қызылордадағы ән сайысына қатысатындардың есімі 2-мамырда жарияланады

Қазіргі кезде талапкерлерді тыңдап, іріктеуден өткізіп жатырмыз. Бұл науқан 2 мамырда аяқталады, сол кезде конкурсқа қатысушылардың есімі белгілі болады”,-деді «Таңдау» продюсерлік орталығының директоры Қарлығаш Ажиева.

Сондай-ақ, биыл үміткерлердің дайындығы жоғары деңгейде дейді ұйымдастырушылар.

«Биыл байқау үміткерлерінің арасында кәсіби әншілердің көп болуы қуантады. Көбінде кәсіби тәжірибе бар”, – деді Қарлығаш Ажиева.

Қатысушылардың өнерін кәсіби музыкант, композитор, мәдениет және өнер қайраткерлерінен құралған қазылар бағалайды. Қазіргі кезде қазылар алқасының 4 мүшесі анықталды, қалған екеуімен келісім жүргізілуде.

«Композитор Ринат Гайсин, Батырхан Шөкенов атындағы қордың директоры болған ҚР еңбек сіңірген қайраткері Олжас Байқанов, сондай-ақ, композитор, Батырханға көптеген ән жазған сазгер Еркеш Шакеев және ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Ержан Абдрахманов қазылық етуге келісім берді”,-деді Қарлығаш Ажиева.

Естеріңізге сала кетсек, 17-18 мамырда Қызылордада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші-композитор Батырхан Шөкеновты еске алуға арналған “Отан-Ана” атты екінші республикалық әншілер байқауы өтеді.
Оған 18-30 жас аралығындағы жас орындаушылар қатысады. Байқау шарты бойынша әншілер 2 ән орындайды. Оның бірі Батырхан Шөкеновтың шығармасы болуы қажет.

Ән сайысы Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен өтеді. Ұйымдастырушылар – облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы және “Таңдау” продюсерлік орталығы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз