Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қызылорда облысындағы ең танымал шенеунік кім?

551

Абзал Мұхимов

  • Қызылорда облысындағы ең танымал мемлекеттік қызметші атағы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті басшысы Абзал Мұхимовқа бұйырды.

Бұған дейін Арал ауданының әкімі қызметін атқарған бұл азамат жастарды қолдау бағытында атқарып жатқан жұмыстарымен ерекшеленіп келеді. Мәселен, былтыр Қамбаш көлінің жағасында республикамызда тұңғыш рет аймақтық Жастар слетін өткізсе, биыл департаменттің бастамасымен Жас мемлекеттік қызметшілер слетін ұйымдастырған.

Сондай-ақ, қазіргі қызметінде облыстағы Жастар кадрлық резервін де қалыптастырып үлгерді.

Ақмарал Шәріпбайқызы

  • Екінші орынды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Шәріпбайқызы иеленді.

Облыстың бас дәрігері халыққа өзінің ашықтығымен ұнайды екен. Аталмыш қызметке келген 2 жылға жуық уақыт ішінде облыста медициналық маңызы бар бірнеше нысан бой көтеріп, облыс орталығында аса күрделі оталарды жасау ісі қолға алынды. Ақмарал Әлназарова облыс әкімінің орынбасары, облыстық мәслихат хатшысы қызметтерін де атқарған.

Бақыт Жаханов

  • Үздік үштікте Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Бақыт Жаханов та бар.

Қазалы ауданының әкімі, облыс әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған Бақыт Дүйсенұлы қазір облыстағы ауыл шаруашылық өнімдері экспортының артуына үлес қосып келеді.

Сонымен бірге, Б.Жаханов соңғы қызметіне келгелі бері облыста егістік алқаптары айтарлықтай ұлғайған.

Нұрлыбек Нәлібаев

  • Танымал шенеуніктердің қатарында төртінші орынды қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев алды.

Н.Машбекұлы қала әкімі қызметіне келген 4 жылға жуық уақыт ішінде облыс орталығында жаңадан салынған нысандардың үлесі артып келе жатыр. Сондай-ақ, Қызылорда қаласындағы көшелердің тазалығы да ретке келтіріліп, шаһарда бірнеше ықшам аудан бөй көтерді.

  • Ең көп дауыс жинаған мемлекеттік қызметшілердің арасында 12 жылдан аса облыстағы спорт саласының дамуына үлес қосып, басшылық лауазым атқарған Садық Мұстафаев та бар.

Садық Шоңмұрынұлы бұл қызметтен кеткенімен, тұрғындар оны үздік мемлекеттік қызметшілердің қатарынан көрді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз