Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

«Қызы екеуі қорқып отыр». Өгей қызын зорлап, 11 жылға сотталған қазақ түрмеден шықпақ

133

Сонда қыз бала бар шындығын жайып салыпты. Өгей әкесі қызды соңғы 7 жылдан бері зорлап келеді екен.

«Қызымды қорқытып, оны өзінің жыныс мүшесін ұстап, аймалауға мәжбүрлеген. Оған порно көрсететін болған. Ол ара-тұра маған да қол жұмсайтын. Бірде басым жарылып, миым шайқалып, ауруханада жатып шыққам. Сөйтсем, ол менің қызымды да қорлап келген екен», ― деп еске алады әйел.

Содан олар бар жағдайды полицияға хабарлаған. Азғын әке 11 жылға сотталған.

«10 жылын отырды, келесі жылы түрмеден шығады. Сол 10 жыл бойы оның туысқандары тарапынан жәбір көріп келеміз. 7 рет мектеп ауыстырдық. 3 жыл бұрын Алматыға қашуға мәжбүр болдық. Туған туыстары қорқытып-үркітіп, бізге әлі маза бермейді», – дейді әйел.

20 шілдеде апелляциялық сот өтеді екен, соған байланысты әйелдің бұрынғы күйеуінің туыстары мұның телефонын тағы да тауып алып, қоңырау шалып мазасын алып жүр.

«Олар мені бұрынғы күйеуімді шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы арыз жазуға мәжбүрлеп жүр. Өз өмірім үшін қорқамын. Оның туысқандары соққыға жығамыз, өлтіреміз деп қорқытады. Олардан қалай құтыларымды білмеймін», ― дейді әйел.

Ең қиыны, Айым түрмедегі бұрынғы күйеуінен екі бала туып үлгерген екен. Енді түрмеден босаған бұрынғы күйеуі сол балалары үшін бұған келетіні анық.

«Оны әке құқығынан айырайын десем, менің үй-жайым жоқ. Келесі жылы түрмеден шығып, балаларыма келеді. Бірақ мен оны мүлде көргім келмейді. Туысқандары да бәле болды. Қайдан ғана осындай адамдарға жолықтым екен», ― деп налиды әйел.
https://kaz.365info.kz/anam-kyjeuimdi-zhek-koredi-272187

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз