“14 маусымда шамамен сағат 22.00-да “102” пультының инспектор-операторына Қытай азаматшасынан қаладағы кафелердің біріндегі кешкі астың бағасына қатысты даулы оқиға туралы хабар келген. Полицейлер оқиға орнына барып, осы оқиғаны шешкен”, – деді ІІД өкілдері.
“Полицейлердің жүргізген жедел шараларының нәтижесінде Испания азаматтары жүктерін қайтарып алды. Қонақтар полицейлерге алғысын айтты”, – дейді полициядағылар.
Сонымен қатар, полициядағылар 14 маусымда шамамен сағат 21.00-де Көкшетауға барар тасжолда “Бішкек-Түмен” автобусын тексеру кезінде Англиядан келген туристің полицияға хабарласқанын айтты. Ер адамның Астанада қажетті аялдамадан өтіп кеткені белгілі болды. Ол қалаға өз бетінше жете алмаған.
“Жол-патрульдік полициясының аға сержанты Қадыр Есжанов шетелдікті өз көлігімен “Номад” мейманханасына жеткізіп салған. Қызметкердің айтуынша, қиын жағдайда қалған адамға көмек көрсету – әрбір полицейдің борышы. Елорда қонағы полицейлерге алғыс білдірді”, – деді елордалық ІІД өкілдері.