Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қытайдың ең бай адамы Тоқаевқа неге таңғалды?

302

Қытайлық миллиардермен әңгіме Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХР-ға мемлекеттік сапары кезінде жазылған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Джек Ма Қазақстан Президентімен кездесуі жайлы әңгімеледі. Сұхбат “Барыс пен айдаһардың стратегиясы: өзара сыйластық және мәңгілік әріптестік” деректі фильміне енді.

“Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен таңғаларлықтай кездесу болды. Ол мықты көшбасшы және ол өте қатты шабыттандырады. Оның өз еліне деген құмарлығы маған қатты әсер етті… Бұл тамаша кездесу болды”, – деді Джек Ма.

Миллиардердің айтуынша, ол Қазақстанда 3-4 рет болған.

“Әр барғанымда бірнеше жағдай таңғалдырды. Бұл сұлулық, ұлы адамдар, сіздердің елдің батырлары, сондай-ақ еңбексүйгіш халықтарыңыз. Қазақстанға барған сайын көптеген қызықты орындарда боламын… Мен сіздердің елді жақсы көремін, оның мәдениетін жақсы көремін және жаңа достар табуды ұнатамын. Сіздерде Геннадий Головкин сияқты батыр бар! Сіздердің халық өте қонақжай”.

Естеріңізге сала кетейік, Джек Ма өзінің 55 жылдық мерейтойында ресми түрде Alibaba директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен кеткен еді. Отставкаға кеткеннен кейін Президент Телерадиокешеніне сұхбат берген ол Ханчжоу қаласындағы стадионда үлкен мереке ұйымдастырды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз