Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
23
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Қытайда Димаштың суреті салынған тауарлар қаптап кетті

300

Қытайдағы ең үлкен alibaba интернет дүкендерінде Димаштың суреті бейнеленген алқа-моншақтар, білезік, сағат, күнтізбе секілді әр түрлі бұйымдар сатылуда.

Димаш Құдайбергенов киген киім үлгілерінің де сауданың көркін қыздырып тұрғанын байқауға болады.

Димаштың жанкүйерлеріне арнап, әншінің суреті басылған жастықтың неше түрі жасалған.

Еске сала кетсек, Қытайдың танымал «Singer» телешоуына қатысып жатқан отандасымыз байқаудың алғашқы екі кезеңінде жоғары өнер көрсетіп, Аспанасты елін аузына қаратқан болатын. Әншінің қатысуымен өтетін келесі көрсетілім ертең, 4 ақпан күні эфирге шығады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз