Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қытай билігі халықты порно көрмеуге және “жаман дәстүрлерден” бас тартуға шақырды

673

Қытай үкіметі “жаңа дәуірде азаматтарды адамгершілікке тәрбиелеу жоспарын” жариялады. Құжатта әрбір қытайлық ұстануға тиіс нормалар жазылған. Бұл оның ішінде интернетті қалай дұрыс пайдалануға, балаларды тәрбиелеуге, мемлекеттік мерекелерді атап өтуге, сондай-ақ шетелде өзін-өзі ұстауға қатысты.

Жалпы жоспар ұлтшылдық пен “ұлтты жасартуға бағытталған жауапкершілік” деген азаматтық борышқа бағытталған.

Отанды сүю міндетті

Моральдың жетекшілік қағидаттары 2001 жылғы ерте жарияланымның жаңартылуы болып табылады. Жаңа нұсқа президент Сидің ел моралын қорғаудағы жеке рөлін атап көрсетеді. Бұл ретте құжаттан Халық Республикасының негізін қалаушы Мао Цзэдунды қоса алғанда, алдыңғы көшбасшылардың еңбектері еленбеген.

Кітапханалар мен жастар орталықтарына “мақсатты түрде адамгершілік тәрбие беру” міндеті жүктелген. Яғни, халыққа жаңа моральдық стандарттарды түсіндіру, сол арқылы оның идеологиялық хабардарлығын арттыру. Құжатта отаншылдық пен Отанға деген адалдықтың маңыздылығы атап өтіледі.

“Шет елдерге құлдық танытып отырған адамдар ұлттық құндылықтарға нұқсан келтіріп, ұлттық мүдделерді сатады.

Сондықтан заңға сәйкес жазалануы тиіс»

Кедей ерлерді сақтаңыздар

Жетекші қағидаттардың жеке жиынтығы Қытайдың ауылдық аудандарына бағытталған. Ол “жаман әдет-ғұрыптарды” ажыратуға арналған.

Негізінен әңгіме экстравагантты үйлену және жерлеу тәжірибесі туралы болып отыр. Мұндай іс-шараларға көп ақша жұмсауға, үй сыйлау, қалыңдыққа қымбат сыйлықтар сыйлауға қарапайым адамдарының жағдайы жетпейді. Сондықтан бойдақ жігіттерге салмақ салып отыр.

Қытайдың бір балаға қатысты көпжылдық саясаты үлкен гендерлік алшақтыққа алып келді. Сондықтан Пекин мұндай дәстүрлердің ауылдық жерлердегі миллиондаған бойдақтарға кері әсер етіп жатқанына алаңдаулы.

Билікті күшейту

Гонконг Қытай университетінің профессоры Вилли Лэм, CNN-ге берген сұхбатында мемлекеттің мораль қағидаларын жаңарту АҚШ-пен жалғасып жатқан сауда соғысымен байланысты болуы мүмкін деді.

“Экономика нашар болғандықтан, партия адамдарды оның құндылықтарын ұстануды сұрайды және тіпті қиын уақытта да мойынсұнғандары үшін көтермелеуге дайын”, — деді ол.

Ал ұлтшылдық көңіл-күй билеуші партия легитимділік көзі болып табылады. Сондықтан жетекшілік принциптерді мектеп оқушыларына жеткізіп, Мемлекеттік насихат арқылы тәртіп орнатады деп күтуге болады.

Өз кезегінде Amnesty International-ден қытайлық Уильям Ни

жаңа ережелерді Си Цзиньпиннің өз билігін қоғамда шоғырландыруға талпынысы деп түсіндіру керек деп санайды

Ол Интернетте салауатты қарым-қатынасты қолдауға шақыру, сондай-ақ “Қытайдың Ұлы брандмауэрімен” қатаң бақыланатын Интернетте пікір білдіру бостандығының неғұрлым қатаң шектеулеріне әкелуі мүмкін екенін айтты.

Жаңа жетекшілік нұсқауларда оларды сақтамайтындар үшін қандай да бір нақты жазалау шаралары туралы айтылмаған. Алайда жақын күндері аспан асты метросында “санасыз мінез-құлыққа” тыйым салатын заңды қабылдады. Қытай метрополитенінде тамақ, сусын немесе музыка үшін келесі, 2020 жылдың сәуір айынан бастап айыппұл салынады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз