Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
8
USD
449
+0.25
EUR
477
-1.21
RUB
4.77
-0.02

“Қысқасы былай…”. Біріккелі жатқан екі банктің бірі тосын мәлімдеме жасады

Бұл туралы QazaqBankтің баспасөз қызметі хабар таратты.

«Ұзақ уақытқа созылған консультация мен келіссөздерден кейін даму келешектерін бағалай отырып өз қызметтерін жеке қаржы институты ретінде ұсынуды жалғастыру барынша мақсатқа сай және тиімдірек болар делінген шешім қабылданды», – делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша,

аталмыш шешім құрылым басшыларының дамуды өзіндік қаржы институттары ретінде жалғастыру ниетіне негізделген.

Еске сала кетелік, Bank RBK Qazaq Bankiмен біріккелі жатқанын биыл 31-мамырда жария еткен болатын. Екі банктің қосылуының кезең-кезеңін қамтыған жол картасында жаңадан құрылған қаржы институтын Қазақмыс корпорациясы акциясының 70 процентіне ие Владимир Ким уысында ұстайды делінген. Сөйтіп, бұл банк Қазақстандағы ірі банктің бестігіне енетін болып есептеліп еді. Бірақ аяқ-асты осындай тосын мәлімдеме мен хабарлар бұл жоспардың күл-талқаны шыққанын білдіріп жатқандай…

Кейбір дереккөзге сүйенсек, Bank RBK акционерлері арасынан ши шыққан. Біраз акционер банктің директорлар кеңесін тастап кетті. Мұның кесірі банк тұтынушыларына  тиіп жатқаны, әрине жанға батады.

Біріккелі жатқан қос банктің бірі – Bank RBK тұтынушылары осы апта бойына шотындағы ақшаларын ала алмай қиналып жүр.

Бастапқыда банкоматтан 50 мың теңге, ал кассадан 100 мың теңге шешуге рұқсат берген бұл банк ақырында мүлде ақша жоқ деп тұтынушыларына қызмет көрсетуден бас тартқан.

Банк басшылығы бұл жайтты уақытша ақша тапшылығымен түсіндірген. „Ақша алдыртамыз, бәрі қалпына келеді„ – деді олар.

https://kaz.365info.kz/50-myn-tenge-gana-aluga-rykhsat-rbk-banktin-tehnikalykh-defoltkha-yshyragany-ras-pa-284465

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз