Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Қыдекеңнен шықты бәрі…”. Нұржан Керменбаевты қарызға батырған кім?

 

https://kaz.365info.kz/eregesip-nyrzhan-kermenbaev-ayakh-asty-yjlene-salganyn-ajtty-video-310759

“Ең соңғы қатты хит болған әндердің барлығын қарап шық дейді. Ол қайсы дейді? «Қызыл өрік», «Аспанға қараймын», «Мария Магдалена». Сол сияқты туындылар шыққаннан кейін, халық өзінің таңдауын жасап жатыр. Бұл, яғни халықтың сұранысы. Сол сұранысқа байланысты жұмыс жасайтын болсаң, адаспайсың. Барлығы жақсы болады деді”, – дейді Нұржан.

Қара баланың бұл қадамына әріптестері түрлі жорамалдар жасауда. Мәселен, өткен жылы зәулім сарайда 10 жылдық есеп беру кешін өткізген Керменбаевты қарызға белшесінен батты деп болжағандар да бар.

 

 

https://kaz.365info.kz/bykil-akhsha-ozimde-altynbek-agadan-khytylgan-serik-ibragimov-khuanyp-zhyr-video-311448

“Ол – үлкен шығын. Қаншама музыканттар артында отырды. Әрине, ол ақша қайтадан қайдан келеді? Соншама қаражат салғаннан кейін… Оның бәрі ақша. Біздің концерттерде сол ақшаны қайта табу мүмкін емес. Сондықтан да қазақтың тойы бар болсын. Ақша сол жақтан келеді”,- дейді “Асыл” тобының әншісі Ғалия Мұратова.

Ал, кейбірі Нұржанның бұл қылығын отағасы атанып, балалы болуымен байланыстырады.

“Жаняұсы бар, бала-шағасы бар. Оны асырау керек дегендей. Табыс көзі дегеніміз шынымен де ол біздің нанымыз. Сондықтан, тек қана сол сияқты себебі”, – дейді Әли Оқапов.

Бүгінде Нұржанның репертуарында той форматындағы тректер жазылып жатыр. Керменбаевтің өзі сырт көздің сынына тас-түйін дайын екенін жеткізді.

“Бұл бизнес! Бұл – той-бизнес, бұл шоу-бизнес.  Бұрын Қайрат Нұртастың өзі сыналған. Біраз сынның астында қалған. Бірақ сыналғандар түбі сынбайтын болса, түбі жақсы болады”, – дейді Керменбаев.

 

https://kaz.365info.kz/khazakhtan-alasyn-baskha-ylttyn-khyzyn-alyp-kelgen-ylyna-ajgyl-imanbaeva-kharsy-shykhty-311665

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз