Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Құдасын көрген келіншек шошып кетті: “Ой, мынау әлгі ғой…”

177

Сөйтіп аяқ-асты балалы болдым. Әйел адам үшін ең үлкен бақыт ана болу екенін сәбиді құшағыңа алып, иіскегенде сезінеді екенсің.

Бірде үлкен інім Талғат үйге бір жігітті ертіп келді. Анам екеумізге әлгі жігітті фазендасына жұмысшы етіп алғанын айтып, таныстырды. Ол жігіттің жас кезінде сымбатты болғаны көрініп тұр.

Жасы 45-тердегі Хамит есімді жігіт Көкшетау жақтың тумасы екен. Отбасынан ажырасқан соң біздің ауданда тұратын туыстарын паналап жүрген көрінеді. Екі қызы бар екен әйелінен.

Ақыры екеуміз көңіл жарастырып, бас қостық. Ол балама да ұнады. Сөйтсем оның ішкілікке әуестігі бар екен. ақыры екі жылдан соң ажырасып кеттік. Осымен оны енді көрмеймін бе дегем…

https://kaz.365info.kz/khydalykhtagy-maskhara-toj-dep-baryp-khazadan-khajtkhandaj-boldykh-293292

Ұлым – Азаматым мектеп бітіріп, Алматы қаласындағы политехникалық университетке оқуға түсті. Оқуын жақсы бітіріп, мұнай саласының маманы болып шықты. Бірнеше жыл Атырау қаласында жұмыс істеп келді. Қазір Алматы қаласында отбасымен тұрады.

Азаматым отбасын құрарда маған күтпеген тосын сый жасады. Бірде ол жұмыстан еңбек демалысын алып ауылға келді.Бірдеме айтқысы келетін сияқты. Сөзді өзім бастадым:

– Балам, маған айтар жаңалығың бар ма, жүрегім сезеді, мені келін әкеп қуантайын деп жүрсің-ау» деп күлдім.

– Маматай, сіз менің ойымды оқисыз ғой, әрине, сізді қуантамын. Менің сүйген қызым бар. Сіз оны танисыз…

– Тез әкел онда, ертең-ақ алып әкел келінімді

– Мама, сіз мені дұрыс түсініңізші, мен үшін сізден қымбат жан жоқ, бірақ сіз менің таңдауыма қалай қарар екен деп уайымдап жүрмін.

Бірден ашығын айтсам, мен Хамит ағаның үлкен қызы Алмаға ғашықпын.

Екеуміз күтпеген жерден Алматы қаласында кездесіп қалдық. Бала кезімізде осы ауылда бірге ойнап, біздің үйде қонақта болып еді ғой. Міне екі жылдай болды, екеуміздің жұбымыз жазылған емес, бірақ осы уақытқа дейін сізге қалай айтарымды білмей келдім. Мен Алманы қатты жақсы көрем. Егер сіз қарсы болмасаңыз, екеуміз үйленсек дейміз.

https://kaz.365info.kz/khydalykhtagy-maskharanyn-zhalgasy-khiyn-boldy-mende-bet-zhokh-293329

Ұлымнан мына сөздерді естігенде не дерімді білмедім. Өзімді қойшы, баламның бақыты үшін бәріне көнемін ғой, бірақ ел-жұрт не дейді, ағайын-туыс қалай қабылдайды? Осыны ойлап әбден дегбірім қашты.

Ақыры баламның әлгі қызды шын сүйетіні көзінде тұрған еді. Сондықтан інілеріме мән-жайды түсіндіріп, ешқандай у-шусыз Азаматты Хамиттың қызына үйлендірдік. Қанша жылдан кейін Хамитты да қайта көрдім. Ол соңғы жылдары арағын мүлде қойып, қыздарымен бірге тұрады екен, қыздардың анасы қайтыс болыпты.

Сонымен бұрынғы күйеуіммен тағдыр бізді қайта қосты. Бірақ Хамит екеуміз жұбайлар емес, құдалар болдық.

Мен қазір Азаматымның екі құлыншағын бағып-қағып отырмын. Ұлым келінім, немерем, бәріміз Алматы қаласында тұрамыз. Хамит кіші қызымен Көкшетау қаласында тұрады. Міне, тағдырдың бізге жасаған сыйы осы…

Алаш айнасы

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз