Нұр-Сұлтан
Қазір
-10
Ертең
-14
USD
499
+0.04
EUR
525
+1.44
RUB
4.75
-0.06

ҚР энергетика вице-министрі тағайындалды

Болат Ақшолақов 1971 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған. Мамандығы бойынша экономист. Еңбек жолын 1994 жылы бастаған.

1995-1997 жылдары Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкінің активтерді басқару бөлімінің маманы, бөлім бастығы, директордың орынбасары қызметін атқарды.

1997-2003 жылдары “Қазақойл” ҰК” ЖАҚ Теңіз жобасы бойынша аға сарапшы, менеджер, департамент директорының орынбасары, Commonwealth & British Services Ltd. бизнес-талдаушысы, стратегиялық жоспарлау жөніндегі менеджері, қаржы директоры ретінде қызмет атқарған. 2003-2006 жылдар аралығында – “ҚазМұнайГаз” ҰК” АҚ БК-да үлесті басқару жөніндегі атқарушы директор. 2006-2008 жылдары Қазақстан Республикасының энергетика және минералды ресурстар вице-министрі болып қызмет атқарды.

2008-2011 жылдары – “Самұрық-Қазына” ҰӘҚ” АҚ басқарушы директоры, “PSA” ЖШС бас директоры, “ҚазМұнайГаз” ҰК” АҚ басқарма төрағасы ретінде еңбек еткен.

2012-2014 жылдары – ҚР мұнай және газ вице-министрі. 2014 жылдың қыркүйек айынан бастап – “AlmexPetrochemical” ЖШС бас директоры қызметін атқарды.

2016 жылдың ақпан айынан бастап “KAZENERGY” Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы” заңды тұлғалар бірлестігінің бас директоры қызметінде болды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз