Қостанайда Ресейдің әскери-теңіз күштері күні мерекесін ұйымдастырғандарға 78 640 теңге айыппұл салынды. Бұл іс-шараға қалалық әкімдік рұқсат бермеген.
Бұған дейін Қостанай қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Олжас Дүйсеков шараның заңсыз өткенін растаған. Ол ұйымдастырушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін, әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын айтқан.
«Мәдени іс-шараны өткізуді келіспегендіктен ұйымдастырушы әкімшілік жазаға тартылатын болады. Ұйымдастырушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргіздік», – деді ол.