Нұр-Сұлтан
Қазір
16
Ертең
10
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

“Есірткі індеті өршіп тұр”: Қоғамдық кеңес мүшелері Жамбыл облысындағы мәселелерді талқылады

254

Конференция «Жергілікті өзін-өзі басқаруды және қоғамдық бақылауды дамыту бойынша ақпараттық орталықты ұйымдастыру» атты жоба аясында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ ұйымдастыруымен өткізілді.

Арнайы конференцияға Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам комитетінің бас сарапшысы Жанар Санаубаева қатысты.

Жиында облыстық Қоғамдық кеңестің Әдістемелік-үйлестіру кеңесінің төрағасы Жандар Кәрібайұлы жүргізді. Ол «Облыстағы қоғамдық кеңестердің күндерін» өткізу туралы баяндап, Облыста Қоғамдық кеңестің рөлін күшейтіп, арыз-шағымдарды жинақтау керектігін айта кетті. Сонымен қатар, Қоғамдық кеңестің ресми сайтында аудандарда қандай да бір күрделі мәселелердің шешіліп, сын-ескертпелер қалай орындалып жатқандығы туралы ақпараттандырылып, жасалынған жұмыстардың ашықтығы көрсетілуі керектігін ескертті.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ президенті Исламбек Дастанұлы Қоғамдық кеңестердің 2019 жылдың бірінші жарты жылдығында халық алдында есеп беру бойынша қоғамдық мониторинг жұмысының нәтижесі туралы баяндады.

Сонымен қатар, жиын барысында әртүрлі мәселелер талқыланды. Меркі аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы С.Құралбай «Сұрат» ауылындағы әлеуметтік шиеленісті шешудің жолдарын ұсынды.

Талас аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы қауіпті індет — есірткі бойынша ауданда наркологиялық сараптама жасайтын орынның жоқ екенін айтты.

«Есірткінің түрлері өте көп, оның жеңіл және ауыр, өмірге қауіпті түрлері көбеюде. Жеңіл наркотиктер денеге тез тарап кетеді. Қылмыс түнде болған жағдайда біз Тараз қаласына немесе Жаңатас қаласына жеткізгенше ол денеде тарап кетеді. Осыған орай, ауданнан арнайы штат бөліп, медицина саласынан мамандар берілсе деген ұсынысымыз бар. Қажет болса тиісті органдарға хат дайындауға дайынбыз», — деп аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Ақынбек Бектай мәселе көтерді.

Барлық ауданның ұсыныстары мен көтерілген мәселелерді облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы мақұлдап, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жасайтынын жеткізді.

Мақаланы ҚР Ақпарат және коғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның «Ақпараттандырудың инновациялық әдістері халықпен жұмыс технологиясы» мемлекеттік гранты аясында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі даярлады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз