Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

ҚБТУ мен ҚазҰТЗУ қайтадан бөлініп кетті

“Осы сәттен бастап ҚБТУ мен ҚазҰТЗУ жеке-дара ғылыми-білім беру мекемесі ретінде дамиды. “ҚазМұнайГаз” ҰК АҚ ҚБТУ-дың 100 пайыз акциясыне ие. ҚБТУ-да білім беру мен ғылым толықтай өзара әрекеттестікте”, – делінген жауапта.

Ал өз кезегінде ҚазҰТЗУ өкілдері ҚБТУ акцияларын сатып алуға мүмкіндігі жоқ екенін айтып отыр. “ҚБТУ сегіз жыл қатарынан үздік техникалық университет, Қазақстан теңіз академиясы мен Қазақстанда үздік Халықаралық экономика мектебі бар. Сөзсіз, ҚазҰТЗУ ҚБТУ-мен бірігуден ұтар еді, алайда оны сатып алуға мүмкіндігі жоқ. ҚазҰТЗУ ҚБТУ-мен ғылыми жобалар және ЖОО-дан кейінгі бағдарламалар бойынша қызметтестікке мүдделі”, – деді Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ баспасөз қызметінің өкілдері Tengrinews.kz тілшісінің сауалхатына берген жауабында.

Еске салайық, 2015 жылдың 25 желтоқсанында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық екі ЖОО-ны біріктіру туралы тапсырма берген болатын. Сол кезде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев университет базасында ірі ғылыми-зерттеу орталығын құру міндетін қойып, ел экономикасы қазіргі жағдайда жоғары білікті кадрларға, әсіресе инженерлік-техникалық бейіндегі кадрларға зәру екенін атап өткен еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз