Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-12
USD
496
-2.06
EUR
523
-2.87
RUB
4.94
-0.03

Қазір жаңа әлем түзеліп жатыр және Қазақстанға өз орнын табу қажет — сарапшы

190

Украиналық дағдарыс “әлемнің фрагментациясын” жеделдетеді, деп жазады экономист Петр Своик “Қазақстан және Еуразиялық одақ жаңа реалияда” мақаласында. Осының нәтижесінде бөлек (бірақ өзара іс-қимыл жасайтын) валюталық, экономикалық және мәдени-өркениеттік аймақтар пайда болуға тиіс. Біздің еліміз қандай орын алады?

Толық нұсқаны ММУ АТО ресми сайтынан оқуға болады.

Айтарлықтай күйзеліс болады

Аталған фрагментация нәтижесінде

Ресей долларға негізделген халықаралық есеп айырысу, сыртқы инвестициялар және сыртқы қарыз алу жүйесінен шығады

Бұл посткеңестік кеңістіктегі барлық елге қатысты. Мұның барлығы күйзеліс тудыратыны анық, алайда сарапшының ойынша балама жүйелер тез құрылады.

Своик Қазақстанға экономикалық жағдайды ескере отырып, оның “жаңа әлемдегі” орны қандай болатынын түсіну керек екенін атап өтті. Атап айтқанда, Еуразиялық интеграцияда.

“Материалдық ағындар”, яғни тауарлар мен қызметтердің экспорты/импорты қайта форматталатын болады деген болжамнан бастады. Атап айтқанда, Ресей және Қазақстан мұнайын Еуропаға жеткізу турасында.

— Дегенмен бұл салада бірдеңені тез өзгерте салу қиын. Мұнай жеткізілімінің көлемінен түбегейлі бас тарту тіпті алыс болашақта да қиын мәселе”, — деді Своик.

Алдағы қайта форматтау мүдделер мен жауапкершілік аймақтарын жаңа Еуропалық-Еуразиялық бөлу үшін негіз болады.

Сарапшы сондай-ақ Қытаймен экономикалық өзара іс-қимылды кеңейтудің жедел қарқынын болжады.

Своик Қазақстан экономикалық және саяси қайта форматтаудың маңызды бөлігі болғанымен, өз ойынын жүргізуге мүмкіндігі жоқ екенін айтады.

— Қазақстан экономикасы үшін мұнай және металлургия экспортының төрттен үш бөлігі Еуропаға, Ресей құбырлары, темір жолдары мен порт терминалдары арқылы барады, — деп мәлімдеді ол осыған байланысты.

Қазақстанның санкциялардан еркін юрисдикция мен аумақ ретіндегі рөлі енді арта түседі. Бірақ мұны тек Ресей тарапынан қызығушылықпен сәйкес келгенде ғана пайдалануға болады.

Ортақ нарық пен цифрлық ақша пайда бола ма?

ЕАЭО аясында қазірдің өзінде екі жоба жүзеге асырылуда, ал украиналық оқиғаларға байланысты тағы да екі жоба жеделдетілді. Біріншісі — мұнай, газ, жанар-жағар май, электр энергиясы және қаржы салаларының ортақ нарығын қалыптастыру.

— Мұндай нарықтар — оларды басқаруға арналған ұлттықтан жоғары жаңа органдар, ЕАЭО-ның қазіргі құрылымы және онда шешімдер қабылдаудың консенсустық жүйесі үшін үлкен сын-қатер, – деп есептейді Своик.

Екінші жоба — бұл Ресей мен Беларусьпен келісілген 28 жол картасы, соның ішінде энергия ресурстарының, электр энергиясының және қаржының бірдей ортақ нарықтары.

— Екі жоба да 2025 жылға дейін қиылысады. Олай болса ЕАЭО-ның басқа қатысушылары одақтық мемлекеттілікке қосылуға мәжбүр, не олар үшін маңызды шешімдердің олардың өкілдігінен тыс қабылдануына келісу қалады, – деп бекітті ол.

Ол ортақ қаржы нарығын құру кезінде бірлесіп шығарылған криптовалюта пайдаланылуы мүмкін дейді.

Қазіргі санкциялар неғұрлым қатаң жұмыс істесе, Еуразиялық цифрлық ақшаның пайда болуы соғұрлым жақын және ықтимал болады

Экспорттаушылардың табысын ел ішінде инвестициялау қажет

Бұдан әрі экономист еліміздің сыртқы төлем балансының проблемалары туралы айтты. Своик “мәселені шешу еуразиялық интеграция бағытында жатыр” деп санайды.

2021 жылдың қорытындысы бойынша теңгерім минус 5,7 млрд АҚШ долларын құрады. Салыстыру үшін Ресейде плюс 120 миллиард доллар бар. Своиктың пайымдауынша, мұндай теңгерім теңгенің дереу девальвациясын талап етеді, бірақ билік бұған бармайды.

Сондықтан қазір валюта резервтері пайдаланылуда, жаңа шетелдік инвестициялар мен сыртқы қарыздар іздестірілуде. Сарапшы мәселені шешудің өз жолын ұсынды —

сыртқы экономикалық қызметті ұлттық бақылау және экспорттаушылар үшін белгілі бір қағидалар енгізу

— Экспорттаушылар, ал бұлар тұтас алғанда беделді трансұлттық компаниялар елге валюталық түсімнің тек олардың ішкі шығындарымен айқындалатын қазіргі бөлігін емес, оң теңгерімді ұстап тұру үшін жеткілікті бөлігін қайтаруға тиіс. Оған қоса ел ішінде импортты алмастыруға және шикізаттық емес, ең алдымен азық-түлік экспортын дамытуға қайта инвестициялау қажет, – деп атап өтті ол.

Бұдан басқа, ЕАЭО энергия ресурстарының ортақ нарығын құру да көмектесе алады.

Сондай-ақ, Своик ресейлік тауарлардың импорты біздің төлем балансының жалпы минусына өз үлесін қосқанын атап өтті. 2021 жылы тауарлар мен қызметтердің экспорт-импорт сальдосы Ресей пайдасына 10,4 млрд АҚШ долларын құрады.

— Қазақстан өзінің өнеркәсіптік артта қалуын сол интеграцияны тереңдету есебінен ғана еңсере алады, – деп өз пікірін білдірді Своик.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз