Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
17
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Қазақтарға сол қолымен не істеуге рұқсат берілген? Ұлттық дәстүрлер туралы шындық

266

Ырымдар туралы сөйлесейік. Бәлкім пайдалы болып қалар? Әлемнің барлық халқының өз сенім-нанымдары бар, бірақ мен бірнеше рет айтқанымдай, қазақтар бұл жерде де сөзсіз чемпион.

Біз өзіміз туралы былай дейміз: “Қазақ – ырымшыл халық”. Яғни, біз, қазақтар, ырымшыл халықпыз. Біздің ырымдар әлемдегі ең жұмбақ және сырға толы. Мұнымен дауласудың қажеті жоқ, өйткені бұл шындық.

Ырымдар мен астары

Біріншіден, бізде ырым басқалармен салыстырғанда өте көп. Екіншіден, олар бізбен туғаннан өлгенге дейін бірге жүреді. Әрине, оларды күлкіге айналдырып, сенімсіздікпен қарауға болады, алайда генетикалық жад көпшілігімізге ырымдарды әдет деңгейінде ұстануға мәжбүрлейді. Демек, оның артында бірдеңе бар.

Әйтпегенде бұрында-ақ өліп қалар еді ғой. Мәселе мынада, көптеген нанымдардың артында әрқашан ақыл-ой болған. Қарапайым өмірлік тәжірибе. Ештеңе бекерден бекер пайда болмайды. Әр кішкентай тыйымның артында үлкен мән жасырылады. Біз ол туралы ұмытып кеттік. Еске түсірейікші.

Мысалы, мынадай тыйым бар: үйге қарай жүгіруге болмайды (жаман ырым). Дәретханаға шұғыл барғың келіп тұрса да. Немесе үтікті өшіруді ұмытып кетсеңіз. Бәрібір үйге ақырын, уайымсыз, тыныш келу керек. Себебі бұрын үйге қарай бір себеппен жүгіріп келетін – жаман хабар жеткізуге асыққан кезде.

Дәл сол себепті бос бесікті тербетуге, бесікпен ойнауға болмайды. Бұл жамандықтың белгісі саналды — қиындық болып, бесік босап қалады деп сенген. Яғни, балалар өледі деген. Бала туғанға дейін оған киім немесе ойыншық алып қоюға болмайтын. Қырқынан шыққанша ешкімге көрсетпейтін. Оны дауыстап мадақтап, қызығуға болмайтын. Көз тиіп кетсе бала ауырады деп сенетін. Ертеде балаға кішкентай түйреуіш, немесе түрлі-түсті тұмар (көзмоншақ), немесе маңдайына күйе жағатын. Қазір де солай жасайды, иә?

Ойнап қайғыруға да болмайды

Есікті тарс жабуға болмайтын — кедейлікке әкелуі мүмкін. Бірақ бұл өз есігіңізге қатысты. Біреудің есігін тарс жапса, бұл ашық дұшпандықтың белгісі.

Әңгімеге араласуға болмайтын. Әңгімелесушілердің арасынан өтуге болмайтын. Ересектерге дейін отырып, тамақ ішпейтін. Ересектердің көзінше дауыс шығарып есінеп, керілуге болмайтын.

Таяққа сүйеніп тұруға тыйым салынған — қайғыратын адам солай тұрады. Екі тізені құшақтап отыруға болмайтын — бұл да қайғыратын адамның дене тұрысы. Бұл дегеніміз, адам жалғыз қалып, қартайғанда құшақтайтын ешкімі болмайды деп сенген. Үлкендердің алдында қалай болса солай отыруға болмайтын. Тәрбиесіздік саналатын. Қолды, аяқты, саусақтарды айқастыруға тыйым салған. Адам өзінің болашағын шатастырып, өз жолын өзі жабады деп сенген.

Ауырып жатпасаңыз жатып жеуге болмайды. Адамға саусақпен көрсетуге тыйым болған. Немесе зиратты саусақпен көрсетпейді — аруақтар ренжиді. Отырған адамдардың аяқтарынан аттап өтуге болмайды — оларды айналып өту керек. Отырған немесе жатқан адамды айналуға болмайтын, әйтпесе оның барлық ауруы сізге өтеді. Сондықтан, қатты ауырып жатқан баласын әкелері солай айналшақтайтын. Мойнына белбеу тағып, киіз үйді айнала жүретін. Осылайша, олар зұлым рухтардан баланы жайына қалдырып, оның барлық ауруын оған аударуды сұрайтын.

Сондай-ақ, шаңырақ, ошақ, дастархан, бас киім, бейіт, арқар, ыдыс-аяқ сияқты заттарды аттап өтуге тыйым салынды… балалар өз кезегінде тілін қағып, алақанын маңдайына тигізуге, қолын бетінен немесе иегінен ұстап отыра алмайтын. Мұның бәрі бақытсыздық пен қайғыға әкелуі мүмкін.

Сол және оң туралы

Сол жақ және оң жақ ұғымдарымен байланысты көп нәрсе бар. Марқұмды киіз үйдің оң жағына қоятын. Қалыңдықтың беті оң қолмен ашатын. Себебі сол жақпен байланысты барлық зат зұлым рухтардан тұрады. Оң жақта бәрі қамқоршы періштеден.

Сондықтан, бүгін де, қойдың басын кесіп тастағанда, оң құлақ ең кіші қонаққа – сәттілік болсын деп беріледі. Төсектен оң аяғыңызбен тұруыңыз керек — сәттілік болсын деп. Үйден шыққан кезде табалдырықты оң аяқпен аттау керек. Әйтпесе бақыттың ауылы алыс. Кіргенде де солай.

Қонаққа келгенде табалдырықты сол аяғыңызбен аттасаңыз, демек үй иесін  сыйламайсыз, құрметсіздігіңізді білдіресіз деген сөз. Дәстүр бойынша, кірерде басты бүгу керек, яғни құрмет белгісі ретінде ошаққа тағзым ету керек болды.

Өйткені қазақтардың пікірінше, босаға — сыртқы және ішкі әлем арасындағы киелі шекара болатын. Осыған байланысты ешқандай жағдайда табалдырықта тұруға болмайтын.

Әрі қарай. Сол қолмен тамақ жеуге болмайды (солақай болсаңыз да). Тамақ сіңімді болмайды деп сенген. Сол қолмен тек сіңбіруге болатын. Немесе дәрет алуға. Иә, тағы. Киіз үйдің сол жағы әйелдердікі саналды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз