Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-13
USD
522
0.00
EUR
544
0.00
RUB
5.05
0.00

Қазақстанның Түркиямен ынтымақтастығы – түркі интеграциясынан не күтуге болады? – саясаттанушы

145

Соңғы уақытта Қазақстан Түркиямен белсенді ынтымақтастық орнатуда. 2021 жылдың сәуір айының басында Анкараға сыртқы саясат ведомствосының басшысы Мұхтар Тілеуберді барып, түрік инвесторларымен кездесті.

Содан кейін ҚР СІМ алдағы 3-5 жылда түрік инвестицияларының көлемі шамамен 1 млрд долларды құрайтынын, ал тауар айналымы 3 млрд-тан 10 млрд долларға дейін өсетінін хабарлады. Сондай-ақ, “Тұран армиясы” түріндегі әскери одақ құру мәселесі талқыланды.

Көпвекторлы саясат

Бұл ынтымақтастыққа саясаттанушы Данияр Әшімбаев өз көзқарасын білдірді. Оның пікірінше, қазіргі кезде көпшілікке мәлім “түркі интеграциясы” термині интеграциялықтан гөрі символдық сипатқа ие.

– Біздің білуімізше, Қазақстанның сыртқы саясаты көпвекторлы. Біздің аймаққа қызығушылық танытатын бірқатар державалар бар. Және олардың қайсыбірінің ықпалының күшеюі басқаларының контрреакциясын тудырады. Сондықтан негізгі векторлар бойынша Қазақстан қарым-қатынасты әрбір ел құптайтындай мүдделер форматында құруға тырысады.

АҚШ-пен біз терроризммен күрес және аймақтардың энергетикалық қауіпсіздігі туралы сөйлесеміз. Ресеймен – экономикалық интеграция және мәдени-білім беру кеңістігін дамыту туралы айтамыз. Қытаймен – өңірлік ынтымақтастық және транзитті дамыту туралы талқылаймыз.

Түркиямен әңгіме түркі интеграциясы туралы болып отыр. Бірақ Анкара ұсынып отырған түркі интеграциясы мен түркі мемлекеттерінің барлық елдері оны қалай түсінетіні мүлде бөлек әңгіме.

Әскери ынтымақтастық нәтиже бермейді

Анкараның түсінігінде түркі интеграциясы – бұл ең алдымен Анкараның қамқорлығы астына түркі халықтарын біріктіру. Өз кезегінде, Орталық Азия мемлекеттері бірінші кезекте экономикалық және мәдени ынтымақтастыққа мүдделі.

Данияр Әшімбаев, фото Facebook-тағы жеке парақшасынан алынды

Бірақ әскери-саяси тұрғыдан, тіпті біреуді көшбасшы ретінде тану тұрғысынан әсері төмен. Түркияның неғұрлым зайырлы билігі кезеңінде мұндай ынтымақтастық белгілі бір түрде жүріп жатты. Бірақ түркизмнің құндылықтарын насихаттайтын Ердоған билікке келгеннен бері оны кеңейту туралы сөз болған жоқ. Оның үстіне,

Түркістан – түркі әлемінің рухани орталығы деген шеңберде Қазақстан өз саясатын жүргізуде.

Және ол Түркия ұсынып отырғанға қарағанда мүлдем басқа құндылықтарға негізделген, – деп атап өтті Әшімбаев.

Сондықтан, саясаттанушының пікірінше, Қазақстан мен Түркияның арасында тек мәдени және экономикалық ынтымақтастық болуы мүмкін. Қандай да бір инфрақұрылымдық жобалар болуы мүмкін. Бірақ

Анкарамен жан-жақты әскери-саяси ынтымақтастық болуы мүмкін емес

Оның үстіне, Түркияны көшбасшы ретінде тану ешкімнің мүдделеріне кірмейді.

Әркімнің өз мүдделері бар

— Көріп отырғанымыздай, Қазақстан мен Өзбекстан көптеген жылдардан бері өңірдегі көшбасшылық үшін бәсекелесіп келеді және бірінші болуды Анкарада ешкім де бере қоймайды. Қазақстан түркі әлемінің көшбасшысы ретінде өзін ұсынып жүр, – дейді саясаттанушы.

Әшімбаев топтасқан Батыстың Қазақстанда либералды күн тәртібін енгізуге тырысқан кезеңін еске алды. Бірақ ол кең қолдау таба алмады. Сондықтан

Түркия арқылы панұлтшылдық және пантүрікшілдік құндылықтарды алға жылжытуға үміт артылды, бірақ Анкара біраз уақыттан кейін одақтан шығып, өздігінен тәуелсіз ойын жүргізе бастады

Алайда, Түрік елінде бүгінде ұлтаралық қатынастар мәселесі туындап отыр. Және де Қазақстан бұған қатысты жақсы пікірде емес.

Пайдалы қолдау

– Түркия исламдануға бет бұрып, геосаяси аймақтық державаға айналуға тырысуда. Бірақ бұл векторды Түркияның өзінен басқа ешкім қолдамауда. Ердоғанның әскери-саяси амбицияларына біз де риза емеспіз. Түркия шиеленіс белдеуін құрды – күрдермен, гректермен және армяндармен келіспеушіліктері бар. Оған қоса, Түркия Батыспен де белсенді түрде жанжалдасуда, Жерорта теңізінде де шиеленіс өрісі қалыптасқан. Әзербайжан Түркияға белгілі бір деңгейде қолдау білдіруге дайын, бірақ оның өз пайдасы бар. Көріп отырғанымыздай, оның қолдауымен Баку жақында Қарабақтағы жеңісіне қол жеткізді.

Бірақ Әзірбайжан “Анкараның” айтқанымен жүре қоймайды

Яғни, Анкараның көздегені көп, бірақ қалғандары бұл үлгіге дайын емес. Сонымен қатар, АҚШ, Еуропалық одақ, Ресей, Қытай, Ислам әлемі, Үндістан елдерінің мүдделері бар, олармен де санасу керек. Сондықтан Түркиямен ынтымақтастық Қазақстан саясаты үшін маңызды, бірақ негізгі бағыты емес, – деп санайды Әшімбаев.

Экспорттық мүмкіндіктер

Түркиямен ынтымақтастық Қазақстан үшін жаңа экспорттық мүмкіндіктер әкелмейді.

– Бізде экспорт негізінен шикізаттық. Маршруттардың едәуір бөлігі онсыз да Түркия арқылы өтеді.

Біздің нарықта түрік тауарлары әлдеқайда көп, бірақ біз оларға шикізаттық емес сипаттағы өнімдерді көп ұсына алмаймыз

Еске сала кетсек, бізде еуразиялық интеграция индустрияландырумен қатар жүрді. Бірақ бізде көптеген ескі салалар құрдымға кеткен кезде, жаңалары құрылған жоқ. Нарықтар ашылған кезде бізде экспортқа шығаратын жаңа өнімдер болмады. Керісінше, біздің нарықта ресейлік және белорусс тауарларының саны артты.

Шикізаттық емес тауарлардан бізде негізінен астық, ет және мақта бар, бірақ ауыл шаруашылығы экспортының құрылымы жағынан түбегейлі өзгерістер бола қоймады. Ал дайын өнім ешкімге аса қажет емес — барлығының өз нарықтары онсыз да дайын өнімдерге толы, – деп атап өтті саясаттанушы.

Басқа елдермен ынтымақтастық

Оның үстіне, байқағанындай, Түркия экономикасы қазір өрлеу үстінде емес. Қазақстанның ең жақын көршісі — Қытайдың инвестициясының орнын басуға қауқары жоқ.

– Қытай – біздің ірі серіктестеріміздің бірі. Ол Қазақстандық бағыт арқылы транзиттер мен тасымал жолдарын құра отырып, біздің экономикамызға инвестиция салады. Олар үшін Қазақстан – шағын шекарасы бар және Каспий теңізіне, Иран мен Ресейге шығуға болатын көрші ел. Ал Түркиядан қазақстандық тауарларды әкелу – бұл тікелей жол емес. Сосын түрік тауарлары бізде аса сұранысқа ие емес.

Егер тауар айналымы мен шетелдік инвестициялар көлеміне көз жүгіртсек, Түркия қазір көшбасшы бола алмайды

Мысалы, батыс компаниялары бізбен мұнай-газ саласында белсенді жұмыс істеуде, Ресеймен Атом және ғарыш салаларында, сондай-ақ машина жасауда ынтымақтастық артуда. Қытаймен транзиттік жолдарды бірлесіп жаңғырту жүзеге асырылып жатыр.

Түркиямен ынтымақтастық бұрынғы деңгейде — мәдени, экономикалық және гуманитарлық деңгейде қалады деп ойлаймын.

Қазақ-түрік лицейлерінің белсенді дамыған кезеңі есімізде. Бірақ кейіннен, Ердоғанның Гюленмен келіспеушілігінен кейін олардың көпшілігіне тыйым салынды. Анкара да Қазақстанға қысым көрсетіп, лицейлердің жабылуын талап етті. Міне, гуманитарлық ынтымақтастықтың мысалы. Жалпы, Түркияның да, Қазақстанның да өз мүдделері бар екенін түсіну керек. Кей жерлері ұқсағанмен, кей тұстарында айтарлықтай дәрежеде қарама-қайшылық бар, – деп қорытындылады Данияр Әшімбаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз