Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қазақстанның бұл үкіметі тағы 25 млрд теңге қарыз алатын болды

Министрліктегілер берешекті алу үшін Сенаттың келісімін алуға келген еді, депутаттардың көбі қарсылық білдірді.

Әли Бектаев, Сенат депутаты:

– Кадрларды дайындауды бюджеттің қаржысының есебінен жүргізуге де болады. Әлде  қарыз алып істеу қажет пе? Неге қарыз алуымыз керек?

Дегенмен, сенаторлар кейін сабасына түсіп, несие алуға келісім берді. Сөйтіп, 25 миллиард теңге несие аурухана, емханаларды жаңа құрал-жабдықтармен қамтуға, дәрігерлерді қайта оқытып, ауылдық жерлердегі ақ халаттылардың біліктілігін арттыруға жұмсалады екен. Денсаулық сақтау министрлігі жалпы еліміздегі медициналық қызметті жаңа жүйеге көшіру  үшін шетелдерден мамандар шақырмақ. Және медициналық жедел жәрдемнің сапасын жақсартуды жоспарлап отыр. Ал Дүниежүзілік банк қарызды 15 жылға, 3 жарым миллиард теңге үстемемен бермекші.

Жәудір Оразхан

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз