Нұр-Сұлтан
Қазір
-27
Ертең
-10
USD
511
-4.57
EUR
540
-4.99
RUB
5.15
-0.02

Қазақстанға Ресейден келетін ақша азая бастаған

479

2019 жылдың маусым айында ақша аударымдары жүйесі арқылы Ресейден Қазақстанға 10,1 млрд теңге аударылды. Мұндай аз көрсеткіш 2018 жылдың ақпан айында тіркелген. Өткен жылдың маусымымен салыстырғанда Қазақстанға 2 есе аз қаражат аударылған.

Сонымен қатар, 2019 жылдың серпіні өткен жылдары орын алғандардан күрт ерекшеленеді. 2017-де және 2018-де Ресейден аударымдар кем дегенде алғашқы 6 ай бойы өсіп отырған. Биыл ең жоғарғы көрсеткіш сәуір айында тіркеліп, кейін аудармалар көлемі 30%-ға төмендеген.

Ресейлік Орталық Банк сәуір айында шектеулер енгізген болатын. Төмендеу осының есебінен болып отырғанын болжауға болады.

Сұр схема

Қаңтар айында реттегіш банк шотын ашпай-ақ, шет елге күмәнді ақша аударым жасайтындардың схемасы анықталғанын мәлімдеген. Мұндай аударымдар ірі сауда нүктелерінен немесе олардың жанындағы жерлерден жүзеге асырылды. Бір адам күніне бірнеше рет арасына уақыт салып, аудармалар жасай алатын болған.

Реттеуіш көп ұзамай өз қорытындысын жасады.

“Мұндай операцияларды ресейлік нарықта сауда жасайтын шетелдіктер жүзеге асырады. Аудармалардың көмегімен олар заңды тұлға ретінде және жеке кәсіпкер ретінде тіркелместен тауар төлемін жасауға қолма-қол ақша жібереді”.

Орталық банк мұнымен аудармаларға шектеу қою арқылы күресуді шешті. 16 сәуірден бастап ақша аударымдары жүйесі бірнеше елге — Вьетнам, Қытай, Қырғызстан және Қазақстанға ақша аудару лимиттерін орнатты.

Ең көп күмәнді аудармалар дәл осы бағыттар бойынша жасалған. Қазақстан үшін айына 150 мың рубль жіберу лимиті енгізілді. Сәйкестік пе, жоқ па, бірақ аударымдар айтарлықтай қысқарды.

Қысқартулар басқа да бағыттарға әсер етті

Сәуір айында РФ-ның шектеуіне іліккен тағы бір ел — Қырғызстаннан алынған аударымдар күрт артты. Мөлшері 2,4 млрд теңгені құрады, бұл 2018 жылдың орташа көрсеткішінен сәл төмен (айына 2,5 млрд теңгеден сәл артық). Содан кейін, Ресеймен болған жағдай сияқты, аударымдар ағыны кенеттен қысқара бастады.

Маусым айында Қырғызстаннан Қазақстанға аударымдар жүйесі арқылы 2,2 млрд теңгеден аз қаржы аударылған, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 16%-ға аз.

Өзбекстанмен де осыған ұқсас көрініс. Ең жоғарғы көрсеткіш сәуір айында, ал әрі қарай аудармалар 30%-ға дерлік төмендеді. Тек бір айырмашылық — қазір Өзбекстаннан 2018-ге қарағанда көбірек қаражат келеді.

2019 жылы маусым айында 2,1 млрд теңге аударылса, былтыр дәл осы уақытта 1,8 млрд теңге аударылған

Қаражат түсу қарқыны төмендемеген ірі бағыт Корея болып отыр. Аудармалар мөлшері маусым айында 5,9 млрд теңгеден асып, 4 ай қатарынан өсуде. Бұдан көбірек тек Ресей.

Алғаннан жөнелткендер көп

Қазақстаннан жөнелтулерге келер болсақ, Ресейге жөнелтулер азайған, ал Өзбекстанға — өскен. Сонымен қатар, осы тенденция сақталса Оңтүстік бағытқа айналуы мүмкін. Маусым айында РФ-ға аударма жүйелері арқылы 17 млрд теңге жіберілді. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 12%-ға аз және сәуір көрсеткішінен 1,8 млрд-қа аз. Өзбекстанға 14,5 млрд теңге аударылды, бұл жаңа рекордтық көрсеткіш болып табылады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз