Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қазақстанға мұнай өндіруді арттыруға рұқсат берді. Ол не бермек?

ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, ОПЕК+ қатысушы елдері отырысының қорытындысы бойынша мұнай өндіруді қысқартудың ағымдағы деңгейін 2021 жылдың ақпан және наурыз айларына дейін ұзарту туралы шешім қабылданды.

Бұл ретте Қазақстан мен Ресей үшін осы кезеңдемұнай өндіруді тиісінше тәулігіне 10 және 65 мың баррельге кезең-кезеңімен ұлғайтуды көздейтін жекелеген шарттар келісілді.

Бұрын ОПЕК + мұндай ерекшеліктер жасамады.

Өсу төмендеуге қарағанда оң сипатта

КИПР талдау тобының жетекшісі Ерлан Смайлов ОПЕК+ мұндай шешімін ерекше деп санамайды.

“Әрине, ол Қазақстан үшін жақсы шешім. Бірақ тек олжаны өсіруге болатынын ойласақ қана.Төмендетудің қасында ұлғайту әрқашан оң саналады”, – дейді сарапшы.

Экономистің айтуынша, шешімнің мәнін тым пайдалы деп санамау керек.

“Бұл көп жағдайда техникалық шешім“, — дейді Смайлов.

Үлеске назар аударыңыз

Әлемдік мұнай өндірудегі Қазақстан мен Ресейдің үлесін ескермеуге болмайды:

British Petroleum жыл сайынғы статистикалық шолуында айтылғандай, 2019 жылы Ресей 12,1% үлеспен мұнай өндіру бойынша әлемде АҚШ-тан кейін екінші орын алды. Қазақстан мұнай өндірілетін елдер рейтингінде 2% үлесімен 13-орынды иеленді. Екі ел де ұзақ уақыт бойы ерекше жағдай жасауды сұрағандықтан, олардың өтінішін қабылдады. Естеріңізге сала кетейін, 2019 жылғы қысқартудан кейін де әлемдік мұнай өндірісіндегіОПЕК елдерінің үлесі 39% құрайды”, — дейді сарапшы.

Сандардың маңызы туралы

Ең бастысы, экономист атап өткендей, бұл – сандар.

“Қазақстан өндірісті тәулігіне 10 мың баррельге, Ресей 65 мың баррельге арттырады.

Негізінде, бұл көлем әлемдік мұнай нарығында өзгеріс жасамайды

Сонымен қатар, баға мен сұраныс бірінші кезекте әлемдік экономиканың және оның локомотивтерінің өсу қарқынына немесе өспеуінебайланысты болады”, – деп түйіндеді Смайлов.

ОПЕК шешім қабылдайды

Халықаралық Мұнай және газ индустриясының кеңесшісі Роберт Мэнсон мұны әлем пандемия дағдарысынан шыққан кезде мұнай өндірісі артадыдеген ойдың белгісі деп санауға болады дейді.

“Көптеген секторда өнімді және экономикалық өсім болады, болашақта энергияға деген сұраныс артады. Әлемдік энергетикалық нарықтар бұл өзгерісті күтеді және оған бейімделеді”, — деп болжайды Мэнсон.

Бағалар тұрақтанды

Ол сондай-ақ мұнайдың әлемдік бағасының серпініне назар аударады.

“Тағы бір жақсы жаңалық – мұнай бағасы барреліне $50 доллардан асты. Бұл баға жақын болашақта тұрақты болады деп күтілуде”, — деп түйіндеді сарапшы.

Алайда, сарапшы ОПЕК-ті негізгі мақсаты ешкімге түсініксіз екенін алға тартады.

“ОПЕК үнемі ашық емес әрекет етті және олардың көптеген шешімі есіктің ар жағында қабылданады”, — деді сарапшы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз