Нұр-Сұлтан
Қазір
-12
Ертең
-5
USD
516
+0.32
EUR
536
-0.13
RUB
5.18
0.00

Қазақстандықтардың Кореяда жұмыс істеуіне рұқсат берілуі мүмкін

305

Қазақстандықтардың Кореяда балық және ауылшаруашылық салаларында заңды түрде жұмыс істеуіне рұқсат етілуі мүмкін. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

“Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Қазақстан үкіметі Корея үкіметімен бірлесіп, осы елдің балық және ауылшаруашылық салаларында қазақстандықтар үшін маусымдық жұмыс істеу мүмкіндіктерін қарастыруда. Одан басқасының бәрі – Оңтүстік Корея мен Қазақстан заңдарын бұзу болып табылады”, – деді СІМ өкілі Айбек Смадияров.

Ресми өкіл Кореяға 30 күнге визасыз кіру рұқсаты – жұмысқа орналасуды көздемейтінін атап өтті.

“Сондықтан, Кореяға жұмысқа жіберіп жатқан барлық қазақстандық компаниялардың бұл тірлігі заңсыз, олар лицензиясыз жұмыс істеуде. Жалпы, қазақстандықтардың Оңтүстік Кореяда заңды жұмысқа орналасуы қарастырылмаған”, – деп қосты Айбек Смадияров.

1 қыркүйектегі жағдай бойынша Кореяда 10 875 қазақстандық заңсыз жүр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз