Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
11
USD
432
+2.31
EUR
506
+3.43
RUB
5.52
+0.10

Қазақстандықтар желтоқсан айында 13 күн демалады

16-17 желтоқсан күндері Қазақстанда Тәуелсіздік күні тойланады. Биыл 16 желтоқсан жексенбіге түскендіктен, демалыс күні 18 желтоқсанға ауыстырылады. Осылайша, Қазақстан тұрғындары 15,16,17 және 18 желтоқсанда – төрт күн демалады.

ҚР Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес, мереке күндері жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында Үкімет демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы.

Сондықтан, дүйсенбі – 31 желтоқсандағы жұмыс күні сенбі – 29 желтоқсанға ауыстырылады және қазақстандықтар 30 желтоқсаннан 2 қаңтарға дейін тағы төрт күн демалады.

Биыл 27 жылдығы тойланатын Тәуелсіздік күні 16-17 желтоқсан аралығында аталып өтеді. Ол сенбі мен жексенбі күндеріне келіп отыр.

Қазақстандағы мерекелік күндер туралы заңға сәйкес, демалыс күні мерекелік күнмен қатар келетін болса, мерекелік күнен кейінгі жұмыс күнінде демалыс болады. Осылайша, қазақстандықтар 16-19 желтоқсан аралығында қатарынан 4 күн демалады.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз