Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Қазақстандықтар орта ғасырлық әдеттерінен арылуы керек – Олжас Сүлейменов

683
Олжас Сүлейменов

Олжас Сүлейменов zakon.kz порталына берген түсініктемесінде жаппай жиын-тойды сынға алды. Жазушы тойлар өткен заманның сарқыншағы болып қалуы керек, сана сезімімізді бүгінгі күннің шындығына сәйкес өзгерткеніміз жөн дейді. «Бұл мен 18-20 жыл бойы шетелде тұрғанымнан айтқан сөзім емес, мен түрлі елде болдым, жиын-тойдың жүйесін білемін. Осындай ұлан-асыр тойды біз ғана жасаймыз. Бұл бұрындары да болған, ол кезде тайпалар қандай да бір оқиғаны атап өтетін.

Қазір басқа уақыт келді. Қазақтар өзінің тайпалық сана-сезімімен арылғаны жөн деп ойлаймын. Мәдениеттің өзі осындай артта қалған түсінікпен күресуі керек. Бұл әр отбасының мәдениетіне ғана емес, экономикасына да әсер етеді, — деді ол.

Сана-сезімімізді өзгертетін уақыт келді

Сүлейменов тек карантин кезіндегі тойлар туралы сөз болып отырған жоқ, қазақтың  жалпы той-томалақтарды тойлау тәсілін өзгерту керек дейді.

«Біз өткізетін тойда әдетте 500 адам болады. Несие ала алағандар мың адамға дейін шақырады, ал олар бір-бірін танымайды. Ал бұндай кештер үшін  бір қаншама мал сояды.

Біз қалада басқа тіскебасарларға үйренгенбіз, үстелге «теңіз өнімдерін», деликатестерді қояды, ал сосын барып қой еті мен жылқы етінен жасалған тағамдарды әкелгенде барлығы тойып қалады. Ал сол тамақтың бәрі үстелде қалады. Бұл әр сенбі, жексенбі күндері қайталанады. Сонда соншама малды босқа сойған боламыз, себебі оны ешкім жемейді де».

Олжас Омарұлы ерекше күндері өтетін отбасылық мерекелерді өткізгенде өзі бірнеше жыл бойы елші болған Италиядан үлгі алу керек деп есептейді.

«Мені бір күні Италияда беделді бір адамның 80 жас мерейтойына шақырды. Үстелде 25 адам болды, мен итальян тілінде тілек жазып, алдын ала дайындалып, маған сөз беретін уақытты күттім. Ал қонақтар өзара сөйлесіп, тамақ ішіп отыр. Менің ымдағаныма қарамастан, басқалар ары қарай әңгімелерін жалғастырды. Кеш соңына қарай барлығы бір уақытта «Құттықтаймыз! деп бір ауыздан айғайлады, осымен бәрі бітті. Бұл барлығына ортақ тост болды».

Олжас Сүлейменов отбасылық мерекелерді атап өтудің осы секілді мәдениетін Қазақстанға де енгізу керек деп атап өтті. Оның ойынша, қазақтар 21 ғасырға ортағасырдың әдеттерін кірістірудің орнына заманға сай өмір сүруі керек.

Сұрақ қайдан туындады?

Тойға қатысты шектеулер, тыйымдар және тіпті заңды реттеу тақырыбы бірнеше жыл бойы көтерліп келеді. Тіпті 2016 жылдың өзәнде қоғам қайраткері Марат Тоқашбаев Қазақ ұлттық әдет ғұрып және салт-дәстүр академиясының атынан қазақ тойларының форматын өзгертуді ұсынды.

«Қазіргі қазақ тойы қажеті жоқ шығындарға толы, уақыты жағынан ұзақ әрі үстелге де тым көп тамақ қойылады, музыка даңғырлап тұрады… Бұның бәрі қонақтардың емін-еркін араласуына кедергі келтіреді», — дейді ол.

COVID-19-бен күрес үшін шетелдерден жіберілген гуманитарлық көмекті дәріханаларда сатуда — блогер

Өткен жылы ғалым математик Асқар Жұмаділдаев қазақтардың салтанатты тойларға деген махаббатын олардың ең басты қателігі деп атады.

«Бұл кемшілік туралы асабалардың өздері де айтады. Олар: «Қазақ не үшін өмір сүреді?» деген сұрақ қояды. Оған: «Той жасау үшін» деп жауап береді. Бұл бір батырлық немесе артықшылық ретінде көрсетіледі. Бірақ бұл халықтың ерекшелігі емес, ақымақтығы ғой. Әлемдегі басқа адамдар бизнес ашып, оны дамыту үшін несие алса, біздікілер той өткізу үшін алады.

Сондай-ақ Ұлттық банктің төрағасы Ерболат Досаев халықтың қаржылық сауаттылығының төмендігін айтқан еді. Оның айтуынша,  әр тұтынушылық несиенің оныншысы той өткізу үшіна алнады. Адамдар кейін қарыздарын қалай төлейміз деп ойланбайды да.

Пандемияға қатысты бұл тақырып қайта көтеріле бастады. Жақында «Милосердие» қоғамдық қорының басшысы Аружан Саин тойларды өткізуге екі жылға тыйым салуды ұсынды. Ал филолог және Оралбек Өтегелов саясаттанушы тойға 5 жылға мораторий  жариялау керек деді.

«Әлемдік пандемияның арқасында көптеген нәрсеге қатысты көзқарасымызды өзгерттік. Мен пандемияны тойдан бас тарту үшін берілген үлкен мүмкіндік деп атап өткім келеді. Карантин режимін пайдаланып оларды өткізудің бірыңғай тәртібін реттейтін заң қабылдау керек. Мысалы қонақтардың саны және той әртістерінің, даяшылар мен аспаздардың салықтары да қарастырылуы керек. Бұндай қиын шешімді қабылдайтын уақыт келді», — дейді ол.

Шоу-бизнес қарсы

Осындай пікірлерге ойын-сауық саласының өкілдері қарсылық білдіруде. Мәселен, халық әндерін орйндайтын Зинат Касымова тойлар әрқашан қазақ мәдениетінің бір бөлігі болған дедйді. Сонымен қатар, көптеген әртістер осы саладан нанын тауып жеп жүр.

Ақын Саягүл Бірлесбектің пікірінше, той — қазіргі қазақ халқының жалғыз қуанышы.

Әнші Айқын да тойға тыйым салу экономикалық жағдайды ушықтырады деп мәлімдеді. Ол барлық ресторандар жабылып, нәтижесінде барлық қызмет көрсетуші ұжым жұмыссыз қалады дейді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз