Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қазақстандықтар қайтадан валюта сатып ала бастады

ҚР Ұлттық банкінің мәліметінше, 2021 жылдың маусым айында азаматтар доллар сатуға қарағанда сатып алуға 154,3 млрд теңгеге көп жұмсаған. Бұл жыл басынан бері рекордтық сұраныс. Мамырмен салыстырғанда айырбастау пункттерінің нетто-сату көрсеткіштері бір жарым есеге жуық өсті (51,1 млрд теңгеге). Бұл 2020 жылдың мамырынан бастапқа ең жоғары айлық өсім болды.

Жалпы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша нетто-сату 662,7 млрд теңгені құрады. Орташа айлық курстар бойынша есептегенде жыл басынан бері халықтың қолында шамамен 1 млрд 560 млн доллар жиналғаны белгілі болды. Бір жыл бұрын көрсеткіштер 631,7 млрд теңге және 1 млрд 570 млн долларды құрады. Яғни

қазақстандықтар долларға көбірек ақша жұмсай бастады, бірақ оның құнының өсуіне байланысты қолдарында шамамен сондай ақша қалады

Шымкент – долларға сұраныс бойынша көшбасшы

Алайда, американдық валюта алуға жұмсалған шығындардың өсуі барлық жерде байқалмайды. Жарты жылдың қорытындысы бойынша шығын республиканың 17 өңірінің тек 4-інде ғана өскен. Бірақ бұл аймақтардағы сұраныстың артуы барлық басқа өңірлерде оның төмендеуіне жол бермеді.

Оған Шымкент қол жеткізді: 2020 жылдың қаңтар-маусымымен салыстырғанда таза сату көлемі 72,2-ден 252,1 млрд теңгеге дейін өсті – мұндай көрсеткіш республиканың бірде-бір аймағында жоқ. Маусым айында мегаполис тұрғындары тағы да рекорд орнатты: таза сұраныс 58,4 млрд-ты құрады, бұл өңір үшін ең жоғары көрсеткіш.

Маусым айында сұраныстың артуы Қазақстанның тағы бірнеше облыстарында байқалды:

  • Атырау облысында долларға сұраныс 15 айлық максимумға жетті. Нетто-сату көрсеткіштері 8,1 млрд теңгені құрады
  • Алматы және Түркістан облыстарында 9 айдың ішінде ең жоғары көрсеткішке қол жеткізілді
  • Ақтөбе, Қарағанды, Жамбыл, Қызылорда және Қостанай облыстарында – соңғы жарты жылда шарықтау шегіне жетті

Еуроға сұраныс — күзден бастап максимумға жетті

Еуропалық валютаға сұраныс біртіндеп қалпына келуде. Маусым айында нетто-сату көрсеткіштері 29,2 млрд теңгені құрады. Бұл 2020 қыркүйегінен бастапқы максималды көрсеткіш. Мамырмен салыстырғанда біздің азаматтарымызда еуроға деген қажеттілік 3,4 есе, ал 2020 жылдың маусымымен салыстырғанда 2,3 есе өсті.

2021 жылдың басынан бастап олар еуроны сатып алуға сатуға қарағанда 114,2 млрд теңгеге артық жұмсады. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 68,9 млрд теңгені құрады. Орташа айлық бағам бойынша есептегенде тиісінше 223,3 және 160,2 млн еуро шығады.

Еуроға сұраныс республиканың батысында да байқалады. Бірден үш өңірде нетто-сату көрсеткіштері кем дегенде 2020 жылдың басынан бастап максимумға жетті:

  • Атырау облысында көрсеткіш 635,9 млн теңгені құрады
  • Батыс Қазақстан облысында – 941,3 млн
  • Ақтөбе облысында – 1,4 млрд

Соңғы бір жарым жыл ішінде Шығыс Қазақстан облысында да сұраныс шарықтау шегінде болды. Бұл жерде нетто-сату көлемі 1,2 млрд-тан асты. Алайда сатып алу бойынша көшбасшы Алматы болып қала береді. Маусымдағы деңгейі – 10 миллиард, бұл 8 айдағы ең жоғары көрсеткіш.

Рубльдің нетто-сатылымы 53 млрд теңгеден асты. Рубльге деген сұраныс көптеген айлық рекордтан асқан жоқ, дегенмен нетто-сату көлемі айтарлықтай жоғары болды – 53,1 млрд теңге. Бұл мамыр айындағы деңгейден 17%-ға және 2020 жылдың маусымынан 37,5%-ға көп.

Жарты жыл ішінде нетто-сатудың жиынтық көлемі 312,5 млрд теңгені құрады, бұл 55 млрд рубльге тең. 2020 жылдың бірінші жартыжылдығының деңгейі – 225,8 млрд теңге және 38,7 млрд рубль.

Маусым айында Ресей валютасына үлкен сұраныс Шығыс Қазақстан облысында болды – 7,8 млрд теңге. Одан кейін Ақмола (6 млрд – 7 айда ең жоғары көрсеткіш) және Батыс Қазақстан облыстары (6,3 млрд) тұр.

Ең аз сұраныс оңтүстікте: Қызылорда облысында нетто-сату 276,6 млн теңгені, Түркістан облысында – 5,1 млн теңгені құрады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз