Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қазақстандықтар елден 100 млрд тенге шығарды

фото: protivkart.org

Ақша аударымдары жүйелері (ААЖ) арқылы шетелге аударымдар көлемінің өсуі жалғасуда. Ұлттық банктің мәліметінше, маусым айында азаматтарымыз шетелге 102 млрд 965,7 млн теңге жөнелткен. Бұл абсолюттік рекорд, бұрынғыдан 10 миллиардқа көп. Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың қыркүйегінде шетелге 93,3 млрд теңге “кеткен” болатын.

Бірінші жартыжылдықта ААЖ арқылы жіберілген қаражат көлемі 451,9 млрд теңгені құрады. 2020 жылғы қаңтар-маусымда – 314,6 млрд. Өсім бір жыл ішінде – 43,6%.

Өзбекстан көшбасшы

Аударымдардың негізгі бағыты (сонымен бірге жалпы динамикаға айтарлықтай әсер еткен ел) Өзбекстан болып қала береді. Аударымдардың көлемі дәл осы елге жылдам өсуде.

Маусым айында ААЖ арқылы Өзбекстанға 35,9 млрд теңге жөнелтілген. Бұл мамыр айымен салыстырғанда 13,9 млрд-қа артық. Өзбекстанға биылғы жаздың бірінші айындағыдай соншама қаражат кем дегенде 2017 жылдың басынан бастап бір ай ішінде бір де бір елге жіберілмеген. Жарты жыл ішінде аударымдар көлемі бір жыл бұрын 63,3 млрд болса, биыл114 млрд-ты құрады.

Өзбекстаннан кейінгі орынға үш ел жайғасты:

  • маусым айында Түркияға аударымдар көлемі 18,5 млрд теңгені құрады, жарты жыл ішінде – 96,2 млрд теңге (бір жыл бұрын – 54,1 млрд теңге)
  • 6 айда Ресейге 93,3 млрд (2020 жылы 88,7 млрд), оның ішінде 17,1 млрд маусым айында аударылды
  • Қырғызстан маусым айында 15 млрд теңге алды. Жарты жылдың ішінде ол жаққа ААЖ арқылы 76 млрд (бір жыл бұрын 63,8 млрд) жіберілді.

Осылайша, аударымдар көлемі барлық негізгі бағыттар бойынша өсуде, бірақ ең көбі Өзбекстан мен Түркияға.

Бергенінен 4 есе аз алды

Әзірге қаражат ағыны өсуде, ал Қазақстанға аударымдар көлемі көңіл қуантпайды. Маусым айында республикамызға шетелден 24,9 млрд теңге келіп түсті – бұл бізден кеткен қшадан 4,1 есе аз. Бұл көрсеткіш биылғы жыл үшін де рекордтық көрсеткіш емес – наурыз және сәуір айларында одан да көп болды. Алайда мамырмен салыстырғанда қаражат ағыны 3,9 млрд теңгеге немесе 19%-ға өскен.

Жалпы, бірінші жартыжылдықта қазақстандықтар шетелден 137,8 млрд теңге алды (яғни, бір маусым айында жібергеннен сәл артық). 2020 жылдың сәйкес кезеңінде – 127,6 млрд. Цифрлар көрсеткендей, көрсеткіш өсуде, бірақ ең жоғары қарқынмен емес. Әсіресе, ақшаның жөнелтілу қарқынының жоғарылауына қарағанда.

Ресейден аударымдар азаюда

Аударымдардың жалпы көлемінің өсуіне тағы да Өзбекстан ықпал етті. Егер 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында ол жақтан шамамен 13,1 млрд теңге келсе, 2021 жылдың қаңтар-маусымында – 22,6 млрд теңге (оның ішінде соңғы айда 3,9 млрд теңге) келді.

Қазақстандықтар едәуір көп қаражат ала бастаған тағы бір ел АҚШ болды – бір жыл бұрынғы 9,3 млрд теңгенің орнына 15,1 млрд.

Бірақ ақшаның көп бөлігі әлі де басқа елдерден келуде. Ресейден – 5,1 млрд, Кореядан – 3,8 млрд.

Жартыжылдықтың қорытындысы бойынша аударымдар көлемі тиісінше 35,4 және 26,2 млрд-ты құрады. Екі жағдайда да бұл бір жыл бұрынғы деңгейден төмен: 2020 жылғы қаңтар-маусымда ААЖ арқылы Ресейден Қазақстанға 28,6 млрд теңге, Кореядан 26,2 млрд теңге жіберілді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз