Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Қазақстандықтар ақшаларын неге қаржы пирамидаларына салады? – сарапшы

357
фото forexaw.com сайтынан

Қаржы пирамидалары жүйелі түрде пайда болады (содан кейін салымшылардың ақшасымен бірге жоқ болып кетеді). Ең таңқаларлығы, адамдар аузы күйсе де қоймайды, оның ішінде біздің отандастарымыз да бар. Әрбір жанжал шыққан сайын бәрі түсінген тәрізді, енді мұндай қақпанға түспейтін сияқты көрінеді. Бірақ шын мәнінде бәрі керісінше. Алаяқтарға қайтадан көп ақша бере бастайды және тек өздерінікі ғана емес.

Әлеуметтанушы Тимур Айсауытов бұл құбылысты жою мүмкін емес деп санайды. Бірақ зиянды азайтуға болады.

Құмар ойынға деген сүйіспеншілік және оңай ақшаға құмарту

Тимур, адамдар неге оқымайды? Әрбір жаңа пирамида “қаймағын қалқып” үлгереді, тіпті алаяқтар әрдайым уақытында қашып кете үлгермесе де. Таңқаларлығы – оларға адамдар неге ақшаларын ала жүгіреді? Мұны қалай түзетуге болады?

– Шын мәнінде, мұндай пирамидалар әрқашан болған және, болатын да сияқты. Әрине, олардың саны халықтың қаржылық сауаттылығына тікелей байланысты, бірақ олар мүлдем жойылмайды. Адамдар тым сенгіш және оңай ақша табуға үміттенеді. Ал алаяқтар соны пайдаланады. Сондықтан халықтан ақша алу жолдары тиімді жұмыс істеуді жалғастыруда.

Бірақ қайталаймын,

залалды азайту үшін халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру қажет

Бұл арнайы ұзақ жұмысты қажет етеді.

Бірақ тегін дүниеге махаббат оянғанда, сауаттылық көмектесе қояр ма екен? Бәрі де “мен үгеремін” деп ойлайды да, бәрібір ақшаларын қосады.

– Иә, адамның менталитетінде осындай жағы бар. Бұл құмар ойындарға ұқсас нәрсе. Қазақстанда соншалықты танымал емес, бірақ Оңтүстік Кореяда, мысалы, оны өте жақсы көреді. Макао Азия құмар ойындарының астанасы десек те болады. Міне, менің ойымша,

құмар ойынға деген сүйіспеншілік және оңай ақша табуға ұмтылу – бұл бір-біріне жақын аурулар

Халықтың белгілі бір бөлігі өздері диванда жату үшін баюдың оңай жолдарын әрдайым іздейді. Және бұл тілектен толық құтылу мүмкін емес.

— Ауыздары күйсе де қайтпай ма?

Әрине, жоқ. Өйткені, көптеген жағдайлар болды, MMM бүкіл бұрынғы КСРО-да жұмыс істеді. Бірақ, шамасы, халық оны ұмытқан сияқты.

Қалыпты экономикада мұндай пайыздар болмайды

— Бұл тек біздің менталитетімізден бе?

— Әрине, жоқ, бұл барлық елдерге тән. Құмар ойындар туралы жаңа айттым, бұл тиынның екі жағы тәрізді. Пирамида – бұл тәуекелге бару, бірақ ұтыссыз. Ақшаны ешкім қайтармайды.

Егер адамдар осы желілерге кіріп, ақшаларын жоғалтса, тіпті мемлекет те көмектесе алмайды

Оның қолынан келетін ең үлкені — тергеу, алаяқтарды іздеу және қамауға алу. Бірақ ақшалай шығындар өтелмейді. Тәжірибе көрсеткендей, егер олар ұсталып, сотталса да, ақшаны толық қайтарып алу мүмкін емес.

– Мемлекет қандай да бір өтемақыға кепілдік беруі тиіс пе? 

– Анықтама бойынша жоқ. Мен бұл пирамидаларды “салыстырмалы түрде ерікті ақша алу” деп атаймын, үлкен қызығушылық танытып, оны сауатсыз адамдар өздері апарып береді. Сауатты боласа, қалыпты экономикада мұндай пайыздар болмайтынын білер еді.

Мұндай тек құлдыраған экономикада, гиперинфляция жағдайында ғана болуы мүмкін. Бірақ бұл нақты емес, номиналды кіріс

Уәде етілген цифрларды есірткі бизнесі немесе заңсыз қару-жарақ саудасы ғана көрсетуі мүмкін. Егер айына 10% және одан жоғары кіріс уәде етілсе, бұл әрдайым қаржылық пирамидаға болып шығады.

Жақында саясаттанушы Марат Шибұтов бізде адамдар өте мейірімді деп жазды, сондықтан пирамидаларды ұйымдастырушыларды өз беттерінше артынан ақшаны қайтару немесе тым болмаса кек алу үшін іздемейді де. Яғни, “көптеген елдерде алаяқтар мен олардың отбасылары үшін бәрі өте нашар аяқталады” дейді. Мүмкін сондықтан да болар, бізде өркендеп жатқаны?

— Біріншіден, бұл “біздің адамдардың мейірімділігіне” мүлде байланысты емес. Жалпы, біз мейірімдірек немесе қаталырақпыз деп айта аламыз ба? Оны сызғышпен ешкім өлшей алмайды.

Екіншіден, бұл, мен айтқандай, сауатсыздық пен сенгіштікке байланысты. Үшіншіден, бізде ғана өркендеп жатқан жоқ.

Құқығы бар, құлқы жоқ

— Бізде бәрі сауатсыз емес. Не болып жатқанын жақсы түсінетіндер де бар. Олар бірдеңе жасай ала ма? Мысалы, бірден прокуратура тексеру жүргізу үшін өтініш жазып па?

— Біздің қоғамда қазір мұндай мінез-құлық үлгісі қалыптасқан, бұл азаматтық жауапкершілік пен белсенді азаматтық ұстанымның жетіспеушілігімен байланысты. Халықтың сауатты бөлігі олардың нақты желі екенін көре және түсіне алады, бірақ қолдарынан бар болғаны келетіні – бұл туралы әлеуметтік желіде жазады. Белсенді әрекеттер, тіпті қандай да бір тергеу шараларының бастамасымен іске кірісуді, әдетте, зардап шеккендердің өздері немесе мемлекет қабылдайды.

Бізде азаматтық белсенділіктің деңгейі соншалықты жоғары емес. Біз халықтың өзін-өзі ұйымдастыруы деңгейіне әлі жеткен жоқпыз.

— Олар қаламай ма, әлде мұндай құқық жоқ па?

– Құқық бар, бірақ мәдениет жоқ. Біз бастама көтеру деген жаман нәрсе деген ортада ұзақ өмір сүрдік.

Қазір халықтың көпшілік бөлігі бастама көтеруден қорқады, біз әлі де ескі жүйемен өмір сүріп жатырмыз

Және, мемлекет те мұндай құлшыныстардан қорқады, өйткені бүгін олар мынаған алаңдаулы болса, ертең кенет саяси белсенділік таныта бастауы мүмкін.

Бұл жерде мәселе қалауда емес, мәдениетте, әлдеқайда кең құбылыс. Бізде ол әлі жоқ. 10-20 жылдан кейін белсенді бола аламыз. Бірақ бұл эволюциялық процесс. Қазіргі уақытта мемлекет бастама көтеруі керек, халық әлі де түсіне қоймады.

— Бірақ осы тұрғыда әлдеқайда дамыған елдерде қиындықтар бәрібір де бар.

– Әрине. Бірақ оларда мемлекеттік мониторинг пен бақылаудың дамыған тетіктері бар, бізге де осындай бір нәрсе қажет. Қалай болғанда да, жауапкершілік ең алдымен мемлекетке жүктеледі, өйткені қоғам билікті соған берді. Сондықтан халықтың сауатты бөлігін ештеңе жасамайды деп айыптау бұл жағдайда дұрыс емес.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз