Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қазақстандық 350 мың баланың онлайн оқуға мүмкіндігі жоқ

346
Сурет: zakon.kz

Бұған дейін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осыған қатысты өзінің Фейсбуктегі парақшасында түсініктеме берген еді.

Ол өзінің жазбасында:

«Ақпарат құралдарынан қашықтан оқытатын түрлі платформалар туралы қарама-қайшы жазбаларды көзім шалып қалды. Білім берудің әр деңгейі үшін түрлі оқыту жүйелері ұсынылуда.

Сондықтан қашықтан оқыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы тағы бір мәрте жазуды қажет деп санадым.

Осы пост арқылы атқарылып жатқан жұмыс туралы тұщымды ақпарат беруге және өзімнің көзқарасыммен бөлісуге тырысамын», —деп жазған еді.

Білім министрі өз жазбасында қашықтан оқутуды ұйымдастыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар, педагогтердің цифрлық сауаттылығын дамыту, оқыту барысында пайдаланылатын платформалар, олардың арасындағы бәсекелестік, ата-аналардың үлесі туралы айтты.

Жұмыс бірнеше бағыт бойынша жүргізілуде:

А) Тапсырмаларды беруді, олардың орындалуын тексеруді, бағалауды және кері байланысты қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелерді енгізу;

Б) Білім алушылар бейне-сабақтарға қатысып, тапсырмалар алып, қажет болған жағдайда педагогтердің өз сыныбымен онлайн-талқылау, бағалау бойынша немесе бейне-стриминг сервистерін пайдалана алуын қамтамасыз ететін жүйелерді іске қосу;

В) Телеарналар арқылы сабақ өткізуге дайындалудамыз. Онда бейне-сабақтар сабақ кестесіне сай көрсетілетін болады. Бұл тетік, әсіресе, интернет қуаты әлсіз және қажетті құрал-жабдықтарға қатысты қиындықтары бар ауылдық білім беру ұйымдары үшін өзекті.

Біз үшін барлық сабақ орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сай оқу бағдарламасы бойынша, сабақ кестесіне сәйкес, цифрлық білім беру ресурстары бойынша әдістемелік қолдаумен және мультимедиалық материалдармен қамтамасыз етіліп, ұстаздар үшін алдын ала әзірленген жоспар бойынша жүргізілгені маңызды».

Бастысы, білім алу тетігі сапаға әсер етпеуі қажет

Интернеті, смартфоны мен компьютері жоқтар қалай оқиды

«Үйде қашықтықтан оқыту үшін сізге компьютер, смартфон немесе планшет, сондай-ақ ғаламтор да қажет. Бүгінгі күні аз қамтылған отбасылардан шыққан 350 мыңнан астам бала бар, олардың тізімі дайын. Мемлекеттік комиссия бұл балаларға қандай көмек көрсету керектігін қарастырды», — деп атап өтті білім және ғылым вице-министрі.

Оның айтуынша, бүгінде олар отбасыларда оқытуға қажетті құрал-жабдықтардың жетіспеушілігі мәселесін шешудің келесі жолдарын қарастыруда:

Біріншіден, мектептерде қол жетімді компьютерлерді тарату мәселесі талқылануда.

«Бұл мәселе бойынша біздің білім министріміз білім бөлімдеріне бірқатар міндеттер жүктеді және қазір ата-аналарды құрал-жабдықтармен және материалдық жауапкершілікпен қамтамасыз ету туралы шешім қабылдауда», —деді Шолпан Каринова.

Жинақталған ақшаға компьютер сатып алу мәселесі қарастырылады. Мектептерді компьютермен қамтамасыз ете алатындарға демеуші болу ұсынылуда.

Біз компьютерлердің жетіспейтінін білеміз. Бұған барлығы қатысуы керек, сондықтан біз жергілікті әкімдіктермен жұмыс жасаймыз

Естеріңізге сала кетейік, коронавирустық пандемия мен елде төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты қазақстандық оқушылар 16 наурыздан бастап демалысқа шықты. 6 сәуірден бастап олар оқуларын онлайн форматта жалғастырады.

26 наурызда ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «Балапан»— және «Ел Арна»  телеарналарында көрсетілетін видео-сабақтар қашықтықтан оқыту кезінде оқытушылар мен студенттер үшін көмекші құралға айналады деп мәлімдеді. Жалпы алғанда, олар осындай 2 мың сабақты түсіруді жоспарлап отыр, оның 200-і дайын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз