Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қазақстанда жас әйелдердің саны азаяды

209
SONY DSC

2025 жылға қарай олардың саны 1,1 миллион адамға қысқарады. Бұл туралы еңбек ресурстарын дамыту орталығы мәлімдеді.

Мұндай болжам 1990 жылдардың аяғы мен 2000 жылдардың басында туудың төмендеуіне байланысты жасалып отыр. Нәтижесінде популяция өсуі баяулайды, бірақ бұл процесс тоқтамайды, дейді хабарламада.

Орталықтың мәліметінше, туылу мен өлім көрсеткіштері өткен жылдың деңгейінде сақталған жағдайда, 2027 жылға дейін Қазақстан халқы 20 миллионнан асады, ал 2050 жылы 24,5 млн-ға жетеді.

Сонымен қатар, 2050 жылға қарай Нұр-Сұлтан қаласының халқының саны 3,1 миллион адамға, Алматы қаласының тұрғын саны 3,3 миллионға, Шымкент қаласының тұрғындар саны 2,6 миллион адамға дейін өседі деп болжанып отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз