Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қазақстанда жаңа көліктер қымбаттауы мүмкін

Рубльге қатысты теңге бағамы тұрақты. Сондықтан ресейлік көліктер құны сақталуы ықтимал. Бірақ бағам ауытқығалы автосалондарда сатып алушылар қарасы көбейіп, не азаймаған. Бірақ мамандар көлікті қазір алған дұрыс деп отыр”, – дейді “Меркур Авто” компаниясы сату бөлімінің менеджері Нұржан Мағзұмов.

 

“Шетелден келген компоненттер бұрынғы бағамен кіргізілді де, көліктер бұрынғы бағамен сатылып отыр.

Кейін доллардың қымбаттауына байланысты көліктер де қымбаттауы керек. Жарты жыл уақыт аралығында қымбаттауы мүмкін.

Сондықтан жоспарлап отырған адамдар көлік алатын қазір алып алғаны жөн деп ойлаймын. Дегенмен мамандар отандық көліктер бағасы сақталады деп отыр.

Биыл өндіріс 86 пайызға артқан. Биыл 17 мың жүйрік тұлпар құрастырылған. Олардың жалпы құны шамамен 104 миллиард теңге болады”, – дейді “Қазақстан автобизнес қауымдастығының” техникалық реттеу директоры Ербол Сейпілов.

Ал “Қазавтоөнеркәсіп” директорлар кеңесінің төрағасы Олег Алферовтің айтуынша, әзірге айтарлықтай алаңдаушылыққа еш негіз жоқ және дабыл қағу ерте.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз