Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
8
USD
449
+0.25
EUR
477
-1.21
RUB
4.77
-0.02

Қазақстанда жабық экономика – соңы

Фото: Рixabay

Экономиканың ашықтығы – дамудың негізгі көрсеткіштерінің бірі. ACRA рейтинг агенттігі мамандарының айтуынша, Қазақстанда ол тым көп босасып кеткен және жақын арада қайтып оңалмайды. Жалпы, болашақта бірнеше сценарийлер болуы мүмкін. Көп нәрсе мұнай нарығына және әлемдік негізгі тұтынушыларға байланысты.

Соңы. Бірінші бөлімді де оқыңыз.

Пандемия процестерді жеделдетті

Жалпы алғанда, экономиканың ашықтығы (тауарлар мен қызметтердің экспорты / импорты жиынтық сомасының ЖІӨ-ге қатынасы) ЖІӨ-нің 2000 жылғы 104%-дан 2020 жылы 57%-ға дейін төмендеді.

2000 жылдардың басынан бастап мұнайға сұраныстың артуына байланыысты сыртқы сауда жоары көрсеткіш көрсетті. 2000–2013 жылдары оның көлемі 8,2 есеге өсті (доллармен есептегенде). Рас, 2009 жыл ерекше жағдай болды – мұнай бағасының күрт төмендеуіне байланысты сауда төмендеді, бірақ кейін қайтадан теңестірілді.

Алайда, 2014–2015 жылдары көлем тағы да құлдырай бастады, 2020 жылы ол 2013 жылғы шарықтау шыңына жете алмады. Бұл ең жоғарғы көрсеткіштің 63%-ын ғана құрады. 2015 жылдан бастап төмендеу артты.

2020 жылы коронавирус процесті жеделдетті, нәтижесінде трансшекаралық трафик тоқтатылды

Пандемияға байланысты «ашық экономиканың» шығындары айтарлықтай байқалды. Қазақстанға біраз оңай болды, бірақ экономиканың құлдырауын толығымен тоқтата алмады. Бұған карантиндік шаралар да, көмірсутектерге деген әлемдік сұраныстың төмендеуі де себеп болды.

Көрсеткіштер неліктен төмендеді?

Қазақстандық экспортта мұнай басымдылыққа ие – соңғы жеті жыл ішінде 58-76%. Сұраныстың төмендеуіне байланысты экспорт та төмендеді.

– Импортқа келетін болсақ, оның 2000–2014 жылдармен салыстырғанда 2015 жылдан 2020 жылға дейін төмендеуі екі компоненттің: машиналар мен жабдықтар импорты және отын-энергетикалық өнімдер импортының төмендеуіне байланысты болды.

Қазақстандағы импорт құрылымы, экспортқа қарағанда аз шоғырландырылған

Соңғы сегіз жылда импорттың жалпы көлеміндегі негізгі импорттық тауарлардың – машиналар мен жабдықтардың үлесі 38-ден 45%-ке дейін өсті. Алайда 2013 жылдан бастап 2020 жылға дейін отын-энергетикалық тауарлар импорты жалпы импорт көлемінде күрт төмендеді – 11-ден 4% -ға дейін азайды.

Алайда агенттік «мұнай бағалары мен экспорт көлемінің тұрақсыздығы Қазақстан экономикасының ашықтық деңгейіне әсер ететін жаңа күйзелістердің пайда болуына алғышарттар жасайды» деп ескертеді.

Үміт және шындық

Қазақстан экспортының тұрақсыздығы көбіне мұнай нарығына тәуелді. Сондықтан, ең бастысы – мұнай бағасына және оны өндіру көлеміне қатысты болжамдар.

Агенттік олардың кейбірін келтірген.

U.S. Energy Information Administration 2050 жылға дейінгі болжамында мұнай бағасының тез қалпына келетінін және оның бүкіл кезең ішінде қанқынды өсетінін болжайды. 2021 – 2030, 2031 – 2040 және 2041 – 2050 жылдар аралығында Brent маркалы мұнайдың баррелі орта есеппен 61, 81 және 92 доллар болады.

Дүниежүзілік банк 2020 жылдың қазан айында жарияланған 2030 жылға дейінгі болжамда да он жыл ішінде мұнай бағасының тұрақты өсуін күтуде.

АКРА 2021 жылдан 2025 жылға дейінгі кезеңге арналған болжамның негізгі сценарийінде Urals маркалы мұнай бағасының барреліне 2021 жылғы $57-дан 2025 жылы $61,5-ға дейін біртіндеп қалпына келеді деп үміттенуде. 2030 жылдан кейін бұл сценарий үшін қауіптер бар. Әлемдегі негізгі мұнай тұтынушылар — АҚШ, Еуропа және Қытай тарапынан сұраныс айтарлықтай төмендеуі мүмкін.

АКРА болжамына сәйкес Қазақстан импортының серпіні тұтастай алғанда экономиканың болжамды өсу қарқынына сәйкес келуі тиіс. Бұл жылына шамамен 4-5%-ды құрайды. Дегенмен, жекелеген жылдары оның көлемі бұл шектен де шығады, бұл шектер, бірақ аз уақытқа.

– Мұнай бағасы, экспорт (экспорт пен өндірудің ағымдағы арақатынасы пайдаланылады) пенимпорт көлемі және 2030 жылға дейінгі және 2040 жылға дейінгі кезеңде Қазақстанның ЖІӨ өсуінің әлеуетті қарқыны бойынша болжамдарды ескере отырып, АКРА Қазақстан экономикасының ашықтық деңгейінің 2030 жылы күтілетін ЖІӨ-нен 61%-ға дейін өсетінін және оның 2038–2040 жылдары 56-57%-ға дейін төмендейтінін болжайды, – делінген зерттеуде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз