Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
-3
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Қазақстанда орташа жалақы 2028 жылға қарай 605 мың теңгеге жуықтайды

2025 жылы – 423 133 теңге;

2026 жылы – 500 890 теңге;

2027 жылы – 554 154 теңге;

2028 жылы – 604 963 теңге.

Нақты жалақының өсуі (инфляцияны ескере отырып) әлдеқайда қарапайым: 2026 жылы 7,6%-ға көтеріледі, 2027-2028 жылдары – шамамен 3%-ға өседі. Минималды жалақы өзгеріссіз қалады – 85 мың теңге. Ал ең төменгі күнкөріс деңгейі өседі: 2025 жылғы 46 228 теңгеден 2028 жылы 57 405 теңгеге дейін. 2024 жылы қазақстандықтардың орташа жалақысы 405 400 теңге болған. Бұл ресми дерек бойынша өткен жылға қарағанда 11,3%-ға өскен. Бірақ инфляцияны ескергенде, қалтаға түскен нақты өсім бар болғаны 2,4 пайыз ғана болып шықты.

2025 жылдың маусымында әр қазақстандықтың жан басына шаққандағы орташа табысы 231 100 теңге болды. Алайда нақты есептеулерге қарасақ, бұл көрсеткіш тіпті 2,6%-ға төмендеген. Алдағы жылы инфляция 10-11% шамасында болады деп күтіледі. Үкімет 2028 жылға қарай оны 5-7%-ға дейін төмендетуді жоспарлап отыр. Сол уақытқа қарай ел халқының саны 21 миллионнан асып, жұмыссыздық деңгейі шамамен 4,7% деңгейінде тұрақтайды деген болжам бар.

Жалақының қағаз жүзіндегі өсімі шынында әсерлі көрінеді: төрт жылда шамамен 200 мың теңгеге артады. Бірақ бұл ақшаның шын мәнінде қаншалықты пайда әкелетінін дүкендегі баға шешпек. Егер инфляцияны шынымен ұстап тұрса, қазақстандықтардың табысы өседі. Ал егер баға қымбаттай берсе, қосылған айлықтың бәрі «супермаркет кассасында» қалып қоюы мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз