Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-5
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны: халық пен бизнесті алда не күтіп тұр?

724

Қазақстан үкіметі демалыс күндері 20-21 маусымда карантиндік шектеу шараларын күшейту  туралы шешім қабылдады.

Бұл Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұз секілді ірі қалалар мен халқы 50 мыңнан асатын елді мекендерге қатысты

Әзірге тек екі күнге…

Ірі қалаларда демалыс күндері СОСО, сауда үйлері, желілік дүкендер, базарлар, фитнес-орталықтар, саябақтар, скверлер, жағалаулар, жағажайлар, аквапарктер жабылады. Қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметін көше форматында ғана ашық ауада жұмыс істеуге жол бере отырып, шектейді. Сондай-ақ қоғамдық көлік қозғалысы шектеледі. Карантиндік шаралар енгізілетін елді мекендерде саябақтар, скверлер, жағалаулар, аквапарктар қайта жабылады.

Қаулыда көрсетілген қалаларға аумақтық жақын орналасқан туристік аймақтарға да жабуды жоспарлап отыр

Ал 50 мыңнан астам адам тұратын қалалар мен ауылдарға 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуын шектеу талабы қойылмақ.

Ауруханаларда бос орын жоқ

Экономист  Рахым Ошақбаевтың пікірінше, мұндай шараларды қолданудың жөні бар.

— Қазір шынымен де екінші толқын басталып кеткендей немесе әлі де біріншісінің жалғасы болып жатыр

Вирус жұқтырғандардың саны күннен күнге артуда, бұл денсаулық сақтау жүйесіне жоғары жүктеме туғызып отыр. Көптеген адамдар Covid-19-ға тест тапсырып, өкпенің толық томографиясын жасай алмауда, ал ауруханалардың толып кетуіне  байланысты бәріне бірдей орын жетпеуі мүмкін. Бұрындары аурудың өршуінің алдын алып, болдырмауға қанша тырысқанымен, қазір сол барлығы қорыққан жағдайдамыз.

Рахым Ошақбаев. Дереккөзі Zonakz.net.

Дегенмен, айтылған шаралар жеткіліксіз болуы мүмкін. ДДҰ-ның берген кеңестерінің ішінде карантиндік шаралар мен әлеуметтік дистанциядан басқа жаппай тестілеу болуы тиіс. Жұқтырғандарды анықтау үшін оларды уақытында оқшаулап, аурудың одан әрі таралуына жол бермеу керек. Өкінішке орай,  бізде бұндай шаралар қабылданған жоқ.

Тестілер қолжетімді емес және олар ақылы — барлығының бірдей қалтасынан ақша шығарып, тест тапсыруға мүмкіндігі жоқ

Салыстырмалы түрде Украинаның тәжірибесіне қарауға болады, онда 7 мамырда жаппай тестілеу туралы заң қабылданды. Олар ауру белгілері байқалған, байланыста болған адамдарға, дәрігерлер мен басқа да жекелеген санаттағы азаматтардың коронавирусқа тегін тест тапсыруына мүмкіндік жасады, — дейді ол.

Карантинді ұзартуы мүмкін…

Ошақбаев қазіргі күшейтілген карантиндік шаралар тек алдағы демалыста ғана емес, одан кейінгі мерзімге де ұзартылуы  мүмкін дегенді айтты.

— Біздің әрқайсымыздың жақын таныстарымыз бар, олардың да өздерінің таныстары бар.

Қазір біздің таныстарымыздың  таныстарында болсын коронавируспен ауырған немесе жаңадан жұқтырған адамдар бар

Ең бастысы, Cоvid-19 сынағы теріс болса да, бұл ауру әлі де дамуы мүмкін. Таныстарымның таныстарының арасында қырық жасар ер адам болды — ол екі рет осы тест тапсырды және коронавирус расталмады. Бірнеше рет ауруханаға жатқызудан бас тартқан, екі жақты пневмония болған кезде ғана ауруханаға жатқызылды. Нәтижесінде ол бір тәулітің ішінде қайтыс болды. Сондықтан, уақытылы көмек алу мүмкіндігі өте маңызды, — деп атап өтті экономист.

Бизнестен кім көбірек жапа шегеді?

2020 жылдың наурыз айында басталған екі айлық карантиннен кейін Қазақстанның бизнесі аса қиын жағдайға тап болды. Еегер бұл тәжірибені тағы да қайталайтын болса, көптеген компаниялар қайта аяққа тұра алмауы мүмкін.

Әсет Наурызбаев, сурет: caravan.kz

Экономист Әсет Наурызбаевтың пікірінше, ең алдымен қызмет көрсету саласы жапа шегеді.

— Кеңседе жұмыс істейтін адамдарға вирус аса қауіпті емес. Ал

дүкендерде, қоғамдық тамақтану орындарында және т.б. салаларда халыққа қызмет көрсететіндерге оңай болмайды

Энергетика, газ және сумен қамтамасыз ету, байланыс, пошта қызметтері қалыпты режімде жұмыс істей береді. Банктер де жұмысын тоқтатпайды. Жұмыстары таза ауада жүргізілетіндіктен құрылыс компаниялары да тоқтамайды, —дейді экономист.

Біреудің айтқанымен жүру

Наурызбаевтің пікірінше, бүгінгі жағдай — Қазақстан халықының бетперде кию мен халықтың топталып жиналмауға қатысты барлық ұсынысын елемеуінің нәтижесі.

— Көптеген адамдар вирус жұқтырса да, ештеңе болмағандай көрінді. Ал ауруханалар толып, жағдай шиеленіскен тұста мемлекет барлығын жабуға мәжбүр болады.

Біздің халық мемлекеттің айтқанымен жүріп үйреніп қалғандықтан, қалай әрекет ету керегін білмеді

Өзінің қауіпсіздігі туралы ойлаудың орнына, барлығы нұсқау бойынша әрекет ете бастады:

  • «О, бізді жауып тастады, енді үйде отырамыз!
  • О, бізге сыртқа шығуға рұқсат берді — серуенге барайық!».

Әрине, барлығы бірдей вирус жұқтырады деп айта алмаймыз. Бірақ, тіпті әр жиырмасыншы адам ауырғанның өзінде, ауруханалар толып кетті. Енді сіз жедел жәрдем шақырған кезде, ол сізді ауруханаға алып кетпеуі мүмкін. Бақытымызға орай, карантин кезінде біз ауруханалардың қуатын арттырдық, бірақ қазір бұл қуаттың өзі жетпей отыр. Бұл адамдардың қауіпсіздік шараларын сақтамауының нәтижесі, — деп атап өтті Әсет Наурызбаев.

Ақпараттық құлдырау

Ол адамдарды тәрбиелеу керек екеніне сенімді. Мысалы: егер адам дүкенге маскасыз кірсе, айыппұл салу қажет.

— Жалпы, дүкендер қазір індет ошағы болып тұр, себебі кез келген адам азық-түлікке түшкіруі мүмкін. Меніңше,

үкімет басынан бастап бетперде кию және басқа да сақтық шараларын сақтау туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуі керек еді

Адамдардың өздеріне де, өзгерлерге де вирус жұқтырмауы үшін.

Бұл шаралардың жетіспеушілігі халық арасында қастандық теорияларының белең алуына әкелді

Бұл түсіндіру жұмысының сәтсіздігі! Ғылыми фактілер, зерттеулерге қатысты ақпарат беріп, вирустың жұғу жолы туралы ешкім егжей-тегжейлі айтпады. Бұл ақпаратты тек сол саладағы мамандар ғана біледі.  Ал көпшілік түрлі чаттардан келген хабарламаларды оқып, мүлдем басқа бағыттағы пікір қалыптастырған, — дейді Әсет Наурызбаев.

Ол алдағы уақытта қазақстандықтардың бүгінгі күні қалағадағы инфекцияны одан әрі тарап кетипеуі үшін ұзақ карантин күтіп тұр деп санайды. Өйткені, егер наурыз айында науқастар саны ондаған болса, бүгінде жүздеген адамға дейін жетті…

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз