Урбанизацияның күшеюі жаһандық тренд болып табылады. Бұл әлемдік үрдіске біздің еліміз де ұшырап отыр. Мұндай пікірді тарих ғылымдарының докторы, профессор Ирина Черных білдірді.
ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген негізгі демографиялық трендтер ел үшін дамудың жаңа мүмкіндіктерін жасайды деп санайды.
– Еліміздегі қазіргі демографиялық жағдай қарқынды дамып келеді
Бұл Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму сипатына тікелей ықпал етіп, біздің экономикамыздың өсу қарқынына әсер етеді.
Бұдан өзге, ол адам капиталының сапасын басқару процесіне әсер етудің ықтимал құралдары мен тетіктерін ұсынады.
Сарапшының айтуынша, Қазақстандағы демографиялық жағдайды анықтайтын екі негізгі өзара байланысты процесс бар. Бұл
халықтың ұдайы өсуі және ішкі көші-қон ауқымы
Елдегі демографиялық ахуалдың негізгі трендтері арасында халықтың жас құрылымының өзгеруін атап өтуге болады. Ол салыстырмалы жасарумен анықталады.
Қазақстанда орташа жас 35 жасты құрайды
– Урбанизацияның күшеюі — жаһандық тренд. Және бұл әлемдік үрдіске біздің еліміз де ұшырайды. Ауыл халқының саны қалалыққа қарағанда жылдам өсуде. Сонымен қатар, Қазақстанда тағы бір миллион халқы бар Шымкент қаласы пайда болды. Бұл демографиялық трендтер ел үшін жаңа мүмкіндіктер туғызатыны анық.
– Ал мемлекеттік институттар тарапынан демографиялық үдерістерді әртүрлі деңгейде тиімді басқару оларды пайдалануға мүмкіндік береді.
Елдегі адами капитал сапасын қалалар мен ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту арқылы арттыру қажет.
Экологиялық жағдайды жақсарту, медицина мен білім деңгейін арттыру қажет.
Бұл шаралар еңбек өнімділігін арттырады
Бала туу мен өлім-жітім бойынша сарапшылардың болжамдары да оң. 2018 жылдың көрсеткіштеріне сүйене отырып, мамандар
30 жылдан кейін Қазақстан халқының саны 24 млн адамнан асады
деп болжап отыр.
Оның 9 млн-ы еліміздің үш мегаполисінде өмір сүретін болады.
Мұндай тұжырымдарға Еңбек ресурстарын дамыту орталығының (ЕРДО) сарапшылары Статистика комитетінің ақпаратын талдау арқылы келді. Ресми деректер юойынша:
2019 жылдың 1 шілдесіне Қазақстан халқының саны 18,5 млн адамды құрады
Жыл басынан бері 112 мыңнан астам адамға өсім бар.
ЕРДО мамандары да урбанизацияның белсенді процесін көрсетті. Қалалардың үлесіне (2019 жылдың басына ол 58,2% құрады)
жарты жылдың қорытындысы бойынша өсім 74,3% болды
Ауылдық жерлерде халық небәрі 29 мың адамға өсті. 2019 жылдың басынан бастап
ауылдардан көші-қонның теріс сальдосы 23 мың адамды құрады
Бұл ретте табиғи өсім — 52 мың адам.
2030 жылға қарай Қазақстан халқы қолайлы жағдайда 21 млн адамға дейін өсуі мүмкін. Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығының сарапшысы Жақсыбек Құлекеев осылай деп есептейді.
– Біздің болжамдарымызға сәйкес,
2030 жылға қарай халық саны 20,6 млн адамды құрайды
Егер ЖІӨ өсу қарқыны 7-8% құраса, сан 21 млн адамға дейін артуы мүмкін. Қазір Ресейде зейнеткерлік жас мәселесі өткір талқылануда, бұл Қазақстан халқының Ресейге көшуін төмендетеді.
2030 жылға қарай бізде 2 миллион халқы бар қала пайда болуы мүмкін – бұл Алматы, – деді Құлекеев.
Сондай-ақ, өсім Нұр-Сұлтан, Шымкент сияқты қалаларда, Маңғыстау және Атырау облыстарында жоспарланып отыр деп болжайды.
Ауылдардан қалаларға көшетін қазақстандықтар көбейеді
Қала тұрғындарының үлесі 2030 жылға қарай ағымдағы 57%-дан 60%-ға дейін өседі.
– Елде әйел саны көп, 2030 жылы бұл пропорция сақталады, – деп есептейді сарапшы.
Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында қазір халықтың 22% тұрады. Егер оларға Алматы, Ақмола және Түркістан облыстарын қоссақ, бұл мән 47,5%-ға дейін өседі.
ҚР халқының орташа жылдық саны 2027 жылға қарай 20 млн адамнан асады. Ал 2050 жылға қарай 24,5 млн адамға дейін өседі. Бұл сандар
өткен 2018 жыл деңгейінде туу және өлім көрсеткіштері сақталған жағдайда мүмкін
Сондай-ақ соңғы бес жылда орташа мәнде көші-қон үдерісі сақталған жағдайда.
Бұл туралы ЕРДО еңбек ресурстарын болжау департаментінің басшысы Дмитрий Шумеков айтты.
— Осы мәліметтерге сүйенсек, 2050 жылға қарай Нұр-Сұлтан тұрғындарының саны 3,1 млн-нан астам адамды құрайды, бұл 2018 жылға қарағанда 194%-ға өсімге сәйкес келеді және басқа мегаполис — Алматыға жақындайды. Бұл жерде қала тұрғындарының саны 2050 жылға қарай 3,3 млн адамды құрап, 82%-ға артады. Үшінші мегаполистегі халық 2050 жылға қарай 2,6 млн адамға немесе 167%-ға өседі.
Мұнай өндіруші өңірлерде халықтың неғұрлым қарқынды өсуі күтілуде
Сарапшылардың болжамы бойынша, 2050 жылға қарай халық саны:
Маңғыстау облысында — 1,36 млн адам (2018 жылы – 669,3 мың адам),
Атырау облысында — 1,1 млн адамды (2018 жылы – 627,2 мың) құрайды.
2019 жылдың тамыз айында Қазақстан халқының саны 18,3 млн-ға жетті