Нұр-Сұлтан
Қазір
-12
Ертең
-6
USD
524
0.00
EUR
545
0.00
RUB
5.11
0.00

Қазақстан үшін ШЫҰ-ның үш артықшылығы – сарапшы

Фото: © AFP 2019 / MARK RALSTON

Бүгінгі таңда ШЫҰ аясында Қазақстанның алдында бірінші кезекте қандай міндеттер тұрғанын тарих ғылымдарының докторы Болат Сұлтанов айтты.

Дағдарыс келеді, кетеді, ал жолдар қалады

– Болат Қылышбайұлы, ШЫҰ шеңберінде біз қазіргі уақытта неге ерекше назар аударуымыз керек?

— Қазір Қазақстан үшін маңыздысы:

  • ШЫҰ шеңберінде көлік-логистикалық ынтымақтастықты нығайту
  • “үш зұлымдық” күшпен (лаңкестік, діни экстремизм, сепаратизм) күрес
  • коронавирус пандемиясымен күрес

Біріншісіне тоқталатын болсақ, ескеру керек ең бастысы — бізде теңіз сауда жолдарына шығу мүмкіндігі жоқ. Сондықтан ЕАЭО және “Белдеу және жол” мегажобасы ерекше қызығушылық тудырады.

Теңіз тасымалына, сәйкесінше Еуропа мен Азия нарықтарына жол ашатын солар

Қазақстанда тұрақты экономикалық өсу мен әлеуметтік дамуға қолайлы жағдайлар туындайды. Еліміздің аумағы арқылы тауар тасымалдағаны үшін кедендік баж дарды өндіріп алу да маңызды мәнге ие болады.

Сондықтан Қазақстан “Белдеу және жол” және басқа да инфрақұрылымдық әрі логистикалық жобаларды табысты іске асыруға мүдделі.

Пекин үшін Қазақстан арқылы өтетін Жібек жолының экономикалық белдеуі өзіндік “алтын қақпа”» болып табылады,

өйткені, теориялық тұрғыдан алғанда, АҚШ кез-келген уақытта Қытай порттарына апаратын теңіз жолдарын бұғаттап тастауы мүмкін

Ал АҚШ Қарулы Күштері бақылай алмайтын Қазақстан арқылы өтетін жол ҚХР үшін өте қауіпсіз.

Коронавирус індетіне және соған байланысты шектеулерге қарамастан, 2020 жылдың қаңтарынан қарашасына дейін Қытайдан Еуропа елдеріне және кері қарай 9 мыңнан астам темір жол контейнерлік пойыздары қатынаған. Бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30%-ға көп. Темір жол арқылы жүк тасымалдаудың көлемі 27%-ға өсіп, 18 млн тоннаға жетті.

Оған қоса, егер Қытайдан Германияға жүктерді теңіз жолымен тасымалдауға шамамен 40 тәулік жұмсалса, Қазақстан арқылы темір жолмен тасымалдауға — 16-18 тәулік кетеді.

“Дағдарыстар келеді және кетеді, ал жолдар қалады” деген Қытайдың формуласы іс жүзінде біздің Қазақстан Үкіметі үшін іс-қимыл жасауға нұсқаулық болды. Ол Еуропа мен Азияны көлік арқылы байланыстыру міндетін жүзеге асыра алды, нәтижесінде

бүгінде еліміз арқылы халықаралық маңызы бар 6 автомобиль, 9 теміржол және 4 әуе дәлізі өтеді

ИЛИМ нақты қауіп болып қалып отыр

— Қазір көліктік логистика Қазақстанның ЖІӨ-нің 8,1%-ын құрайды. Біздің ұзындығы 8445 км болатын “Батыс Еуропа — Батыс Қытай” халықаралық автомобиль дәлізінің құрылысына қатысуымыздың болашағы зор болды. Оның 2787 км-і еліміздің аумағы арқылы өтеді. Осы жобаның арқасында жүктерді Қытайдың Ляньюньган портынан Тынық мұхиттың жағалауына Санкт-Петербургке дейін жеткізуге

бар-жоғы 10 күн уақыт кетеді, бұл теңіз жолы арқылы жеткізумен салыстырғанда 3,5 есе аз

Осы жобаның есебінен біз еліміздің оңтүстік облыстары (Жамбыл, Түркістан, Қызылорда) арқылы өтетін Қорғастан Ақтөбеге дейінгі жол төсемін қайта жаңғырттық. Ендігі мәселе, Ресей өз аумағынан өтетін 2,2 мың км жолды қашан аяқтайтыны. Қазақстан мен Қытай өз аумағындағы жолды 2017 жылы аяқтады.

Біз ШЫҰ жолдарын дамыту бағдарламасын тезірек әзірлеуді және оған қол қоюды қолдаймыз.

– Екіншісі “үш зұлым күшпен күрес”. Бұл не?

– Әлемде “үш зұлым күш” – сепаратизм, лаңкестік және экстремизм күшейе түсуде. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Лаңкестікке, сепаратизмге және экстремизмге қарсы, оның ішінде ғаламторда, іс-қимыл жөніндегі ынтымақтастық бағдарламасын белсенді іске асыру өсіп келе жатқан қауіптерге ШЫҰ-ның дәлме-дәл жауабы болуы мүмкін.

ДАИШ содырлары нақты қауіпті болып қалып отыр. Оларды қаржыландыратындар содырларды өз қызметін ШЫҰ-ға мүше Орталық Азия елдерінің аумағында таратуға итермелейтін болады. Содан кейін аймақтан тыс екі бағытта — солтүстік-шығыста, Ресейдегі мұсылман халқы топтасқан аймақтарда, ал шығыста — мұсылман халқы жинақталған ҚХР ШҰАА-на бағыттайды.

Технологиялар пысықталды

Орталық Азия елдерінде жағдайды тұрақсыздандыру әрекеттері орын алуы мүмкін. Технологиялар Сирияда, Иракта және басқа да Таяу Шығыс елдерінде игерілді.

ДАИШ әзірге Орталық Азиядағы бытыраңқы жасырын радикалды исламдық топтарға демеушілік ете алады. Сондықтан ШЫҰ-ға мұндай қаржыландыру арналарының жолын кесуі қажет. Мәселе мынада,

шетелдік демеушілерден басқа, ислам халифаты идеясын сол аймақтағы кейбір кәсіпкерлер де қолдай бастайды.

Кейбіреулер “жиһад салығын” өз еркімен төлейді, ал басқаларын қорқытады және бопсалайды.

Қазақстанда және Орталық Азия елдерінде радикалды ислам идеяларының танымалдылығы қатты алаңдатады. Бұл танымалдылықтың басты себебі –әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауы.

Мұндай жағдайда радикалды ислам әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтірудің және қаржылық жағдайын жақсартудың жалғыз жолы ретінде сәтсіздікке ұшыраған адамдардың бір бөлігінің алдынан шығады. Нәтижесінде, ресми тыйым салынғанына қарамастан, аймақ елдерінде радикалды ислам идеяларын насихаттайтын жасырын ұйымдар, сондай-ақ жалғыз радикалдар пайда болады.

Қарапайым ақиқатты түсіну керек: егер әлеуметтік-экономикалық наразылық діни түрге ие болса, бұл Орталық Азиядағы жағдайды тұрақсыздандыруы мүмкін.

Нақты істер аз

– Қазір терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл бойынша атқарылып жатқан жұмыстар ұлттық деңгейде де, тиісті құрылымдар шеңберінде де жүріп жатыр. Оның ішінде ШЫҰ Аймақтық терроризмге қарсы құрылымы (АТҚҚ) да бар. Бұл аймақтағы шетелдік экстремистік және лаңкестік ұйымдардың белсенділігін едәуір төмендетуге көмектесті. Бірақ аймақтың арнайы қызметтерінің ынтымақтастығы әлі де тиімді емес.

Сол Орталық Азиядағы арнайы қызметтердің жұмыстары бірінші кезекте өңірдегі билік режимдеріне қарсы қатерлер мен қарсылықтарды бейтараптандыруға бағытталған. Сондықтан көрші елдердің мамандары мен сарапшыларына ішкі жағдай туралы ақпаратқа қол жеткізу қиынға соғады. Нәтижесінде

көбінесе ынтымақтастық көрсеткіш ретінде оқулар , ғылыми конференциялар өткізу және басқа да осындай іс-шаралармен аяқталады

Қазір пандемия жағдайында барынша онлайн форматқа көшуде. Демек, киберкеңістікте лаңкестік пен діни экстремизмге қарсы күрестің маңызы күрт артып келеді. Сондықтан Қазақстан ШЫҰ АТҚҚ базасында Ақпараттық қауіпсіздік орталығын құруды ұсынады.

Жалпы, төмендегідей жағдайларға назар аудару керек.

Қазақстанда Орталық Азия елдеріне қарағанда исламның қайта өрлеу үрдісі аса байқалмайды және жалпы дамудың стихиялық үлгісімен сипатталады. Алайда, сырттан, ең алдымен Парсы шығанағы монархияларының айтарлықтай ықпалы сезіледі.

Өңірдегі зайырлы үкіметтер дін саласындағы үрдістерді, негізінен әкімшілік-бюрократиялық құралдар мен шаралар арқылы басқаруға тырысуда. Мысалы, Қазақстанда дін істері және азаматтық қоғам министрлігі құрылды.

Радикалды діни идеологияға қарсы иммунитетті қалыптастыру үшін мынадай шаралар қабылдау қажет:

  • радикалды сипаттағы насихаттаушы материалдарды анықтау үшін ғаламтор-ресурстарын тұрақты бақылап отыру
  • лаңкестер мен экстремистердің сырттан, әсіресе Ауғанстан, Пәкістан және Түркия елдерінен кіруіне жол бермеу мақсатында шекаралық және көші-қон бақылауын күшейту
  • экстремистік және лаңкестік идеологияның құқық қорғау органдарына, сондай-ақ Қарулы Күштер әскери қызметкерлерінің ортасына енуіне жол бермеу
  • экстремистер мен террористердің криминалдық іс-әрекеттерінің, оның ішінде түрме, қамауға алу орындарында бірігуіне жол бермеу.

Жалғасы бар

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз