Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
5
USD
449
-0.34
EUR
487
-0.33
RUB
5.82
-0.01

Қазақстан украиндықтардың көзімен: қазақтар ма әлде қазақстандықтар ма?

353

Ескерт. – әрі қарай Валентиннің мәтіні, тыныс белгілері мен емлесі сақталады.

Ортаазиялық ел – Қазақстан туралы айтып беруге қолым енді жетті.

9 жыл саяхаттағанымда бұл мен барған ең экзотикалық ел (салыстыру үшін мысалдар жеткіліксіз, бірақ мен бұған дейін Еуропада саяхаттағанмын). Егер негізгі мәселелерге тоқталсам:

1. Жалпы әсер

Қазақстан өзінің көлемімен және әдемілігімен таң қалдырады. Біз шамамен 1500 км жүрдік, бірақ бұл үлкен мемлекеттің аз ғана бөлігі. Саяхат тарихында алғаш рет мен сәулет ескерткіштерінен гөрі табиғи нысандарды араладым.

Біз саяхаттаған аудан — Алматы облысы, географиялық жағынан Солтүстік Тянь-Шань. Оңтүстігінде Қырғызстан өте жақын орналасқан (біз карантиндік шектеулерге байланысты бармадық), ал шығысында – Қытай. Оның үстіне оның көрші екені өте жақсы сезіледі. Қазақстанның шығысында Қытай радиосы арналары ұстайды, қытай тауарлары көбірек, ал геолокация ҚХР-дың Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданын көрсетеді.

2. Жолдар

Қазақстандағы жолдарға 4 деген баға қоямын. 4+ немесе тіпті 5 қояр едім, бірақ ауылдар мен таудағы жолдарды бәрін бұзды, кей жерде тіпті жол жоқ. Бірақ орталық жолдар ғажайып! Үш-төрт жолақты автобандар. Жол ақысы төленеді, бірақ біз тек бір рет төледік.

3. Қазақтар мен қазақстандықтар

Бұл әртүрлі ұғымдар. Этникалық ұлт пен бүкіл Украина халқы ретінде саяси да мағынаны білдіретін “украиндар” терминінен бөлек. Қазақстанда “қазақ” және “қазақстандық” терминдерінің арасында айырмашылық бар. Ол өте қарапайым: қазақтар – ұлт, қазақстандықтар – азаматтар, Қазақстандағы барлық этнос өкілі.

Ұлттарға қатысты: қазақтар немесе басқа азиялық этникалық топтар басым, мысалы, ұйғырлар, қырғыздар, әсіресе шеткері жерлерде көп. Алматыда еуропалық келбетке ие тұлғалар аз емес. Олардың этникалық қазақтармен арақатынасы қазақтардың пайдасына 70% бен 30% шешілгендей көрінді. Бірақ! Қазақтар да, барлық ұлт өкілі де өте мейірімді және қонақжай.

4. Ас үй

Қазақстанда алғаш рет ит еті мен түйе еті сияқты экзотикалық ет түрлерін көрдім, бірақ бұл қазақ тағамдарының бір бөлігі емес. Қазақ ас үйі жылқы еті, қой еті, бұзау, балық, көкөністердің барлық түрлері және басқа тағамдарға негізделген.

5. Баға

Қазақстанда Украинамен салыстырғанда өмір арзан. Орташа жалақы онда шамамен 250-300 у.е. Алматыда киевтік бағадан 10-15%-ға, шеткері аудандарда 15-20%-ға төмен. Бензин шамамен екі есе арзан.

Ірі дүкендерде немесе супермаркеттерде, негізінен, көптеген өнім бар. Рас, барлық жерде карталар қабылдамайды. Қазақстанда және Орталық Азияның басқа да елдерінде өзінің төлем жүйесі — “Каспий” жұмыс істейді, бірақ шетелдіктер үшін ол қолжетімсіз, сондықтан қолма-қол ақша алып немесе ірі супермаркеттерде сауда жасау қажет.

6. Туризм

Қазақстанда үлкен туристік әлеует бар, бірақ туристік инфрақұрылым нашар дамыған — курорттық аймақтардағы қонақ үйлер жеткіліксіз, интернетпен және тіпті ұялы байланыспен проблемалар, кәдесыйлардың, жайластырылған туристік бағыттардың тапшылығы, карточкамен төлеу немесе валюта айырбастау мүмкіндігі жолға қойылмаған.

7. Алматы

Қазақстанның алғашқы астанасы — бұл үлкен ауыл, посткеңестік қала және заманауи мегаполис. Тамаша жолдары, жол айрықтары, СОО, көк тіреген ғимараттары және басқа да дүниелер бар. Айтпақшы, полиция қалада және жолдарда көп, Алматыда жылдамдығы бойынша шектеулер – сағатына 50-60 км, сондықтан қалада кептеліс жиі болады.

Қорытатын болсақ, бәрін атап өткендеймін. Барлық елдерге тән кемшіліктері мен жергілікті ерекшеліктері бар Қазақстан тұтастай алғанда дамыған ел сияқты әсер қалдырады — жаңа жолдар, жаңа өнеркәсіптік объектілер салынуда, өзінің ковид-вакцинасын өндіру жолға қойылды, АТ-секторы белсенді дамуда. Шамамен осылай.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2023 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз