Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
22
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Қазақстан стратегиялық маңызы зор екі нысанды мемлекеттік меншікке қайтарды

Өскемен су электр станциясы және Шүлбі су электр станциясы аталған компаниялардың активі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті «AES Өскемен СЭС» ЖШС-нің және «AES Шүлбі СЭС» ЖШС-нің мемлекеттік қатысу үлестерін пайдалану және иелену құқығын Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне берді.

Қазақстан Республикасының Энергетика министрі осы компаниялардың Бас директоры етіп Асқар Балабатыровты тағайындады. Асқар Балабатыров 1992 жылы Алма-Ата энергетика институтын бітірген, «KEGOC» АҚ-да, «Алматы ПауэрКонсолидэйтед» АҚ-да, «Алатау Жарык Компаниясы» АҚ-да және «Шығыс Қазақстан ауданаралық электр желілік компаниясы» АҚ-да жұмыс істеген, электр энергетика объектілерін басқару жұмысында айтарлықтай тәжірибе мен білімге ие.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз