Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
17
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Қазақстан Өзбекстанды шикізат қорымен қамтамасыз ету көзіне айналуы мүмкін – сарапшы

972

Жақында Түркістанда Қазақстан мен Өзбекстанның премьер-министрлері Асқар Мамин мен Абдулла Арипов тауар айналымын $10 млрд дейін жеткізуге уағдаласты, өткен жылдың қорытындысы бойынша ол $4,5 млрд құраған еді.

Яғни тауар айналымы екі есеге ұлғаюы тиіс

Қарашаның басында Қазақстанның сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов 2020 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша өзара сауда көлемі 16,5%-ға төмендегенін хабарлады. Бұл ретте Өзбекстанға экспорт 1%-ға, ал ол жақтан әкелінетін импорт 40%-ға қысқарды. Сондай-ақ, Сұлтанов пандемияға байланысты тараптар тауар айналымының алдын ала келісілген көлеміне қазірше қол жеткізе алмайтынын атап өтті.

Бұған дейін мемлекет басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиеев болашақта оны $5 млрд-қа, 2-3 жылда $10 млрд-қа дейін жеткізу міндетін қойған болатын.

Алайда

екі ел арасындағы сауда айналымын арттыруға мүмкіндік беретін ресурс бар

Әңгіме көлеңкелі сауданың көлемі туралы болып отыр.

Сандар мен шындық сәйкес келмейді

2019 жылдың жазында Өзбекстанның экономика және өнеркәсіп министрі Ботир Ходжаев

елдегі көлеңкелі экономика деңгейі 45-46% деңгейінде деп бағалады

Ағымдағы жылдың күзінде Қазақстанның бірінші вице-премьері Әлихан Смайылов ресми статистика деректерін келтірді. Оған сәйкес 2019 жылдың қорытындысы бойынша көлеңкелі экономиканың үлесі  23,7%-ды құраған.

Қазақстанның Тікелей сатылымдар қауымдастығының атқарушы директоры Анастасия Калашникова көлеңкелі экономиканың үлесі елеулі екенімен келіседі. Бірақ

елдер арасында көлеңкелі сауда көлемі бойынша статистика қате

«Мен бұл мәселеге кешенді баға бере алмаймын, бірақ Қазақстаннан Өзбекстанға заңсыз экспорттық ағымның белгілерін көрдім», –деп мойындайды ол.

Сарапшының айтуынша, бірнеше жыл бұрынбіздің көршілеріміз Қазақстанға импортталған тауарларды шекарадан сатып алып, Өзбекстанға заңсыз алып кеткен.

«Бұл Қазақстаннан экспорттық құжаттар рәсімделмегенін білдіреді, яғни  12%  ҚҚС бюджетте қалды, өйткені ешкім нөлдік мөлшерлемені рәсімдей алмады. Енді халықаралық компаниялар Өзбекстанда өз өкілдіктерін тікелей ашып, тауарлар Қазақстанды айналып өтіп  көрші елге жөнелтілуде», – деп толықтырды Калашникова.

Көршілерден қалмауымыз керек

Оның пікірінше, мұндай заңсыз қызмет тауарлар мен ақшаны жоғалту қаупімен байланысты. Яғни

осы елдердің бірінде  салық жүктемесі жоғары (мысалы, темекі)

«Ірі жүйелік бизнес мұнымен айналыспайды, ал шекарадағы «тасымалдаушылар» бақылауды күшейткеннің өзінде жеңілмейді деп айтуға болады», –дейді сарапшы.

Оның айтуынша,

ойын ережесін өзгертіп, процесті оңай басқаруға болады

«Бір мысал келтірейін. Өзбекстанда заңнаманы ырықтандыру, бизнес жүргізуге жағдай жасау арқылы Қазақстаннан келетін заңсыз айналымға ықпал етті. Енді олар инвесторлар үшін инвестициялық тартымдылықты арттыруды жалғастыруда.

Осы жылдың қыркүйегінде елде екі танымал Nike және Adidas брендтерінің кроссовкаларын шығаруды жоспарлайтыны туралы хабарланды. Өндіріске арналған шикізатқа импорттық баждарды алып тастау олардың өнімдерінің бағасын тартымды етеді, яғни  бәсекеге қабілетті болады, оның ішінде Қазақстан нарығында да», – дейді Калашникова.

Бизнеске жағдай жасауда көршілерден қалып қоймау үшін Қазақстан да қозғалуы керек дейді ол.

«Мен

бұдан шығар бір ғана жолды көріп тұрмын, біздің өндірушілерге де осындай жағдай жасау керек.

Өкінішке орай, біз бизнес-үдерістердің қымбаттауына жол берудеміз: таңбалау, ТІЖ-ге (тауарға ілеспе жүкқұжаттар) қатысты қиындықтар бар,  енді салықты арттыру туралы ұсыныс қарастырылуда. Мен Қазақстанды Өзбекстанды шикізат көзімен қамтамасыз ететін қор ретінде көргім келмейді, бірақ барлығы осыған алып келеді», – деп түйіндеді қауымдастық өкілі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз