Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
10
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

Қазақстан мұнай мен долларға тәуелділіктен қалай құтылса болады? – экономистер

Фото: routestofinance.com

2020 жылдың ортасынан бастап доллар индексі жағымсыз динамиканы көрсетіп, евро, йена және фунт стерлингті қоса алғанда, негізгі алты әлемдік валюта қоржынына қатысты төмендеді.

АҚШ бюджетінің рекордтық тапшылығы мен мемлекеттік қарызының өсу қарқынын ескеріп, көптеген сарапшылар алдағы бірнеше жыл бойы долларды негізгі валюталарға қатысты әлсірейді деп күтуде.

2020 жылдың ортасынан бастап доллар құнының басқа әлемдік валюталарға қатысты төмендеуі.

Көптеген адамдарды мұндай жағдайда дамушы нарықтардың валюталары — теңге мен рубль өзін қалай ұстайтындығы толғандырады. Осы валюталар бағамдарының өзгеру серпіні жалпы әлемдік үрдістерден айтарлықтай ерекшеленуі және геосаясатқа, сондай-ақ мұнай мен басқа да шикізат тауарларының бағаларына қатты тәуелді болуы мүмкін.

Дағдарыстың пайда болуы

Экономист Петр Своик атап өткендей, АҚШ пен Еуропа 2007-2008 жылдары әлемдік қаржы дағдарысының алғашқы кезеңінде-ақ белсенді түрде ақша басып шығара бастаған. Ақшаның саны жағынан жұмсарту саясаты оны реттеуге және шикізат нарығын тұрақтандыруға көмектесті.

– Сондықтан 2013 жылға дейін Қазақстанның сыртқы экономикалық көрсеткіштері де өсті.

Қазір біз дағдарыс сценарийінің екінші кезеңін бастан өткізудеміз. Және, шамасы, соңғы тәрізді. Саяси шиеленістер мен пандемияға байланысты ақшаны басып шығару барлық шектен асып кетті

Қаржылық тұрақтандырудың салыстырмалы ережелері де сақталмай жатыр, —деп санайды Своик.

Көпіршік жарыла ма?

Оның пікірінше, алып инфляция басталды. Бірақ бағалар қазір қаржылық активтерге емес, тауарлар мен қызметтерге өсуде. Бірақ инфляция біртіндеп экономиканың шынайы секторына да ене бастады.

— Егер нарықта нан немесе май қымбаттаса, дүрбелең туып, бәрі үйренленер еді. Бірақ қазір акциялар мен басқа да қаржы құралдарының құны жоғары қарқынмен өсуде. Бұл алыпсатарлықпен айналысатын қаржы нарығының ойыншыларын қатты қуантуда, бірақ ерте ме, кеш пе көпіршік жарылып, инфляция нақты тауарлар нарығына өтеді.

Бірқатар экономистер біраз жылдан бері долларлық ақша жүйесіне өзін сарқа пайдаланған балама табу қажеттілігі туралы айтып келеді

Қазір “америкалық” әлемдік валюта қоржынындағы үлесін біртіндеп жоғалтуда, дегенмен бәрі оны басшылыққа алуды әлі жалғастыруда. Бұл, меніңше қайнап жатқан жанартаудың төбесіне, үнемі осылай болатынына толықтай сенімділікпен ыңғайлы жайғасуға ұмтылу ұқсайды,  — деді Своик.

Теңгеге әсері

Сонымен қатар экономист теңгенің алдағы тағдыры доллардың инфляциясымен емес, Қазақстанның жағымсыз төлем балансының мөлшерімен анықталатынына сенімді.

— Оны екі жолмен жабуға болады. Біріншісі – шетелден қосымша ақша, қарыздар немесе инвестициялар тарту. Бірақ бұл бізге оңайға түсе қоймайды. Оның үстіне

қарызды қаншалықты көп алсаңыз, пайыздарды ескере отырып, соғұрлым көбірек қайтаруыңа тура келеді

Екінші әдіс – ұлттық валютаның долларға қатысты бағамын девальвациялау. Әрине, үкімет одан қорқады және қалай да одан қашуға тырысады, бірақ жағдай соған итермелейді.

Петр Своик

Тіпті қазір, мұнай бағасы барреліне 60 доллардан жоғары болса да, төлем балансы теріс мәнді сақтап қалып отыр. Жалпы алғанда, Қазақстан экономикасының нөлден бастап құрылған экспорттық-шикізаттық үлгісі қазір толығымен сарқылды.

Шикізат үлгісінен шығу

Оны реформалау қажет. Ол үшін шикізат экспортының эксаумақтылығын жою керек. Қазір барлық экспортталып жатқан шикізат Қазақстаннан түпкілікті, әлемдік бағамен емес, трансферттік бағамен шығарылуда. Ал мәмілелердің өзі ҚР фискалдық юрисдикциясынан тыс жүргізіледі.

2025 жылға жоспарланған дәл сол ортақ еуразиялық мұнай, газ және мұнай өнімдері нарығын мүмкіндігінше тезірек құру керек

Оның мәні – барлық ресурстар түпкілікті мәмілелері айқын болмайтындай емес, ұлттық бақылау арқылы сатылатын болады. Сонымен қатар,

құбылмалы бағам саясатын тоқтатып, теңгені де, рубльді де, еуразиялық кеңістіктің басқа валюталарын да бекіту керек

Бірдей бағам көрсеткенде валюталар іс жүзінде бірдей болады. Мұны “доллармен жанжалдасу” және долларлық кеңістіктен шығу үшін емес, дәл осы әлемдік кеңістікте әлдеқайда сенімді өмір сүру үшін жасау керек”, — дейді Своик.

Доллар құнын жоғлатпайды

Экономист Рүстем Жансейітов алдағы бірнеше жылда доллардың әлсіреуінің, тіпті оның әлемдік экономикадағы рөлінің төмендеуінің ешқандай себебін көрмейді.

— Доллар құлдырайды деген — бұл ресейлік насихаттың ертегілері

Назар аудару керек мәселе, Америка экономикасының жағдайы. Егер оларда ішкі үлкен қиындықтар болса, онда болжам жасауға болар еді.

Рүстем Жансейітов, дереккөзі: Atameken Business Channel

Негізінде, оларда қазір бәрі жақсы. Доллар құлдырайды деген мәлімдемені мен соңғы 10-15 жыл бойы естіп келемін. Иә,

арасында ол басқа әлемдік валюталарға қарағанда әлсіреуі немесе күшеюі мүмкін, бірақ бұл америка экономикасының өзіне пайдалы қысқа мерзімді операциялық міндеттер ғана

Олар қанша ақша басып шығаратынын немесе қандай қайта қаржыландыру мөлшерлересін қоятынын өздері шешеді. Бүкіл әлем іштен тыныс алып, америкалық қазынашылар қандай шешім қабылдайтынын бақылап отырады. Сонымен қатар, америкалық экономиканың күші әскери қуаттылығымен күшейтілген”, — деп атап өтті ол.

Мұнайға сұраныстың төмендеуі теңгеге әсер етеді

Мұнайға келетін болсақ, Жансейітовтің пікірінше, оның қазіргі құны 60 доллардан асса да, одан жоғары көтерілуі екіталай. Пандемия аяқталып, нарық жанданса да.

– Қазірдің өзінде мұнай жеткілікті деңгейде өндірілді. Көптеген елдерде ол сапасы жағынан қазақстандыққа қарағанда әлдеқайда жақсы. Мысалы, арабтарда мұнай жеңіл, арзан және тасымалдауға ыңғайлы.

Қазақстандық мұнай ауыр, күкірт мөлшері жоғары. Оны теңізге жеткізіп, тасымалдайтын танкерге жүктеу үшін өте көп күш жұмсалады

Және Қашаған мен біздің басқа да жобаларымыздың ақталуы екіталай. Біз мұнай дәуірі өтіп бара жатқанын түсінуіміз керек. Бірнеше жылдан кейін оны тұтыну да күрт төмендейді. Еуропада электромобильдерге ауысады және іштен жану қозғалтқыштарына тыйым салады. Қазір бәрі бұны ертегі және мұнайдың сұранысы төмендемейді деп ойлайды. Әрине, оған сұраныс әлі де болады, бірақ қазірдің өзінде бәсекелестікке төтеп бере алмай жатқан қазақстандық мұнайға емес.

Сұраныстың төмендеуі теңге мен рубльді әлсіретіп қана қоймай, құлдырауына алып келеді. Әсіресе теңге

Себебі мұнай мен пайдалы қазбалардан басқа бізде мүлде өндіріс жоқ, — деп қорытындылады экономист.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз