Атышулы рэпер, өзін заманауи жырау деп атайтын Жан Ахмадиев жаңа кезекті туындысын жарыққа шығарады. “Қазақпыз ғой-5” деп аталатын ән бейнеклипімен қоса жарық көреді.
Жанның айтуынша, бұл жолғы әнінде қоғамдағы өткір және өзекті мәселелерді көтеретін болады. “Билік пен халық арасындағы алшақтықты, бүгінгі тұрмысымызды, қазіргі өмірімізді билікке қарата басқа қырынан жырлайтын боламын” дейді Жан Ахмадиев бұл ретте.