Нұр-Сұлтан
Қазір
-8
Ертең
-14
USD
525
+13.36
EUR
552
+11.86
RUB
4.93
+0.20

“Қазақ тобында орын бар ма?..”. Орыстілді қазақтар алашапқын боп жатыр

201

– Әрине, жоқ, қазақ мектебінде бала көп, – дедім мен.

– Енді не істеймін?..

– Не боп қалды, күйеуің көнбеп еді ғой…

– Латынға өткелі жатыр екенбіз ғой, содан күйеуім айтты, „не надо отставать„ деп. Біздің қай жеріміз кем, елден деді. Ескі-құсқымен жүреміз бе, – деді…

Күліп жібердім. Ой, Аллай, а. Елбасыға да мың рақмет деп қоямын іштей. Сөйтіп, қазақ мектебінен орын іздеп кеттік…

Одан соң, Facebook-тен тағы бір жазбаны көзім шалды.  Көзі ашық, зиялы кісі екен. Ұққаным, ол кісі де немерелерін қазақшаға көшіріпті. Себеп – латынға көшуіміз екен. Міне, қызық.  Жазбаны оқып, көптен көріспеген туғанымызбен қауышып жатқандай, ішіміз жылып, желпініп қалдық.

Сөзбе-сөз тоқтала кетелік:

„Мен осыған дейін латынға көшу мәселесін талқылап көрмеппін. Бірақ іштей оны қолдайтынмын, бұл арада ойланатын түгі жоқ, дегем. Бізде былай болды.

Осы жазға дейін немерелерімді қазақ балабақшасына ауыстыруға қарсы боп келгем. Ал латынға көшеміз дегеннен кейін, балаларды қазақ тобына ауыстыру керек деп шешім қабылдадым„,

– деп жазды Facebook желісінің қолданушысы Рақымбеков Төлеутай өзінің жеке парақшасында.

Міне, осылай. Сең қозғалды деген осы шығар…

Әрине, ағамыздың немерелерін қазақша балабақшаға ауыстырғанына қуанып қалдық. Дегенмен ол кісіні қазіргі латын әліпбиінің жайы қатты мазалайды екен. Қозғап отырған мәселесі де орынсыз емес…

„… Алайда бір сауалдар мені қайтадан мазалай бастады. Мысалы, кеше WhatsApp арқылы маған mening-atym.kz атты интернет қосымшаның адресі келді. Оған кіріп, өзіңнің аты-жөніңнің латынша дұрыс қалай жазылатынын көруге болады екен.

Тексеріп көрдік. Сілейіп түспесем де ес-түсімді жоғалта жаздадым.

Менің қызымның есімі Әлия (Алия). Латынша ол былай болады екен: A’l’i’ia.
Ал екінші қызымның есімі Айбота, ол да апострофтың қаһарына ілінді: Ai’bota.
Менің атым Төлеутай (Толеутай) – To’ley’tai’. Ал қазіргі төлқұжатымда Toleutay деп жазылып тұр. Неге осылай жазбасқа?

Үлкен немеремнің аты Әлиxан. Ол A’lixan болады екен. Бұл арада «Х» дыбысына назар аудартқым келеді. Өйткені біздің тегіміз – Рақымбеков латынша Raqymbekov деп жазылады, ал орысша Рахимбеков деп жүрміз, онда ол былай жазылады: Rahi’mbekov. Айтайын дегенім, айтылуы бірдей сөз неге екітүрлі жазуға ұшырайды?

Кенже немеремнің есімі Тимур. Ол Ti’my’r деп жазылады екен. Неге оны күрделендірмей, Timur дей салмасқа?..
Бәрінен әйелімнің жолы болды. Есімі Салтанат. Ол сол күйінде жазылады екен – Saltanat болып.

Осы тұрғыдан алғанда, мүмкін, әліпбиге қатысты әлі ойланармыз а, әйтпесе, елдің күлкісіне қалып жүрерміз. Қазақтар мұндайда, “Артық қыламыз деп, тыртық қылып алмайық, ағайын!” деуші еді ғой…

Дұрыс айтады. Иә, артық қыламыз деп тыртық қылып алмайық.

Ең бастысы, беті бері қараған жұртты үркітіп алмайық…

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз