Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қазақ елінде жанданған “жасыл экономика” екі жеп, биге шығарады

Сонымен қатар,

Елбасы Үкі­мет­ті Қазақстандағы балама энергия көздерін игеруді 2030 жылға дейін – 30, ал 2050 жылы 50 пайызға жет­­кізуді міндеттеп отыр.

Қазіргі таңда елімізде «жа­­сыл экономиканы» дамыту мақса­тында ауқымды іс-шаралар атқарылып жатыр.

https://kaz.365info.kz/byl-zhasyl-ekonomika-mynajly-zherge-kyn-elektr-stansasyn-salamyz-316067

Дегенмен көпшілік та­биғаттан балама энергия алуға әлі де болсабей-жай қа­райтын сыңайлы. Ал, шын мәнінде, «жасыл эконо­ми­каны» дамыту –

елімізде үнемділікті арт­ты­рып қана қоймай, экологиямызды зиянды әсерлерден қорғауға мүмкіндік ашады.

Екі тарапқа да тиімді

Мемлекет басшысы 2013 жылы Қазақ­стан­да­ғы «жасыл экономиканы» дамыту тұжырым­да­ма­сына қол қойғаннан кейін, елімізде «Жасыл эко­номиканы» қолдау және G-Global-ды дамыту коа­лициясы құрылған болатын.

Аталған коа­ли­цияның басқарма төрайымы Салтанат Рақым­бе­кованың айтуынша, қазіргі таңда әлемнің да­мы­ған мемлекеттері бұған айрықша назар аударып, оны дамытуға күш салып жатыр.

– 2012 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қабылдаған «Қазақстан – 2050» стра­тегиясын сарапшылар «жасыл стратегия» деп айтып жүр. Өйткені аталған стратегияда елімізде «жа­сыл экономиканы» дамытуының қыр сыры жан-жақты жазылған.

Жалпы,

біз «жасыл энер­гияның» арқасында энергия тиімділігін, энергия үнем­ділігін, энергия сыйымдылығын және органи­ка­лық ауыл шаруашылығын дамытуға мүмкіндік ала­­мыз.

Атап айтарлығы, бұлардың ішіндегі ең маңызды мәсе­ле­нің бірі – «жасыл энергия» арқылы қоршаған ор­та­ның ластануын төмендетуге қол жеткіземіз.

Қазіргі таң­да әлем жұртшылығын алаңдатып отырған бас­ты мәселенің бірі –

климаттың жылынуы.

Сон­дықтан әлемнің 150 мемлекетінің басшысы Фран­цияда бас қосып, Париж келісіміне қол қой­ды. Аталған келісімшартқа қол қойған мем­лекеттер 2023 жылға дейін «жасыл экономиканы» да­мытамыз деп өздеріне жауапкершілік алып отыр. Егер осы келісімшарт орындалатын болса, мем­лекетке де, бизнеске де тиімді болар еді.

https://kaz.365info.kz/atom-elektr-stansasyn-salsa-resejge-ta-y-da-t-ueldi-bolamyz-alym-210610

Жал­пы «жасыл экономиканы» дамыту үшін биз­нес­мендер ақша бөліп, жұмыс жасауға мүдделі. Не­гізі, бұл жоба өзін-өзі ақтамаса, кәсіпкерлер бұл салаға қаржы салмайды.

Мысалы, қазіргі таң­да әлеуметтік нысандарды электр энергиясымен жә­не жылумен қамтамасыз ету үшін қыруар қар­жы қажет. Егер мемлекет пен бизнес өкілдері өза­ра келісімге келсе, біраз шаруаны шешіп тас­тауға болады, – дейді ол.

Са­лтанат Темірқұлқызының айтуынша, кә­сіпкерлер «жасыл экономиканы» дамыту мақ­сатында ақша бөлуге ниетті. Алайда олар 3-4 жыл бойы бұрынғы тариф сақталуына кепілдік бе­рілуін сұрап отыр. Сонда олар өздері жұмсаған қар­жыны ақтап, тіпті, пайда да таба алады.

Үнемдесең – ұтасың

Қазіргі таңда Қазақстан – энергияны ша­ма­дан тыс көп пайдаланушы мемлекеттердің бірі.

Егер еліміздің экономикалық тұрғыдан дамы­ға­нын қаласақ, энергия үнемдеуге көп көңіл бөлген жөн.

Мысалы, мектеп пен аурухана сынды әлеу­меттік нысандардың электр энергиясы мен жылу­ға жұмсап отырған қаржысын азайтуға мүм­кіндік бар.

Салтанат Темірқұлқызы осы мақсатта ес­кі үйлердің инженерлік инфрақұрылымын өз­герту керек деген пікірде.

– Қазіргі таңда әр үйде бірнеше теледидар мен тоңазытқыш және тағы да басқа техника бар. Жа­рыққа аз ақша жұмсағымыз келсе, үйімізге энер­гия үнемдейтін шамдар орнату керек. Атал­ған шамдар басқа шамдармен салыстырғанда, энергияны 4 есе аз тұтынады.

Мысалы, жай шам­дар 100 ватт, ал энергия үнемдейтін шамдар 18 ватт жұмсайды.

Электр энергиясынан бөлек біз көмірді де шамадан тыс көп пайдаланып жа­тыр­мыз. Айталық, ха­лықаралық ұйымның тап­сыр­масы бойынша сарапшылар Қарағанды қала­сы­ның айна­ласындағы 560 қазандықты зерттеген бо­латын.

Сарапшылардың айтуынша, аталған қа­зандықтар көмірді төрт есе көп жұмсап отыр.

Мә­селен, жыл сайын бюджеттен 160 мың тонна көмір сатып алуға қаржы жұмсалады екен. Үнемдеу қон­дырғысын орнататын болса, 40 мың тонна кө­мір тұтынуға болады.

https://kaz.365info.kz/almatyny-ulap-zh-rgen-avtobus-213736

Бұл арада бюджетке ға­на емес, сонымен қатар, экологияға да төрт есе пай­да келер еді, – дейді ол.

Кәсіпкерлер Қарағандыдағы 560 қазандықты ауыс­тыруға қажетті 3 млрд теңгені беруге ниетті. Алай­да олар 3-4 жылдың ішінде қазіргі тариф өз­гер­мейді деген кепілдік берілгенін қалап отыр. Яғни, кәсіпкерлердің екінші деңгейлі банктен алған 3 млрд теңге несиені үш жылда қайтара­тынына кө­зі жетіп отыр.
Қазіргі таңда еліміздің кейбір аймағында қат­ты отынды үнемдеп, экологияға зиян кел­тір­мей­тін жұмыстар жасалып жатыр.

Мәселен, Шығыс Қа­зақстан облысына қарасты Аягөз ауданындағы 46 мектеп пиролизды пешке ауыстырылған.

Егер бұ­рын бір мектеп көмірге 14 млн теңге жұмсаса, пиролизды пеш орнатқаннан кейін оның құны 3 млн теңгеге дейін төмендеген.

Міне, осыдан-ақ «жа­сыл экономиканы» дамытудың қаншалықты маңызды екенін аңғаруға болады.

Отырардағы оң бастама

Көмір үнемдеуге емес, сонымен қатар, күн сәу­­лесінен электр энергиясын алуға да айрықша на­зар аударылып жатыр.

Мысалы, бұрынғы Оңтүстік Қа­зақстан, қазіргі Түркістан облысына қарасты Отырар ауданында күн көзінен электр энергиясын алатын станса са­лынбақ. Жалпы құны 150 млн АҚШ доллары бо­латын жобаны отандық Dala Solar ком­па­ния­сы Қытайдан инвестор тартып, іске асырмақшы.

Отырардағы күн электростансасы

Сон­дай-ақ компания Шымкент қаласында күн­нен электр энергиясын алатын тақтайшалар шы­ғаратын зауыт ашуға ниеттеніп отыр.

Dala Solar компаниясының техникалық ди­рек­торы Ермек Қариевтың айтуынша, ауқымды жо­ба ЕХРО – 2017 халықаралық көрмесі аясын­да жүзеге асып отыр. Сондай-ақ ол аталған стан­саны Отырар ауданында ашудың өзіндік мәні бар екенін айтады.

– Өйткені жылдың 300 күні ыстық бола­тын ауданның табиғи жағдайы күн электр стан­сасын салуға өте тиімді. Жалпы, Отырар ауда­нын­дағы жоба 6 жылда өзін-өзі ақтайды деп жоспарлап отырмыз. Негізі, күннен энергия алу ауа райына байланысты өзгеріп отырады.

М­ә­се­лен,

жаздың кезінде 100-120 МВТ энергия өн­діріл­се, ал қыста 80, 70. Тіпті, 50 МВТ-қа дейін тү­сіп кетуі мүмкін.

Әйтсе де, жаздың күні қыста жі­­­берген есемізді қайтарып аламыз. Яғни, қалай болған күннің өзінде орта есеппен сағатына 100 МВТ тоқ алынады.

Оңтүстік Қазақстан об­лысында көп болса, 2 ай ғана ауа райы бұлтты бо­лады. Сондықтан да бізге бұл облыстың табиғи жағ­дайы қолайлы болып тұр.

Оның үстіне, қара­пайым азаматтарға да Отырар ауданында күн электр стансасы ашылғаны тиімді.

https://kaz.365info.kz/zhetpiske-kelgende-khalaj-bolady-esimovtin-endi-khajda-baratynyn-bilesiz-be-286764

Өйткені стан­са іске қосылатын болса шамамен 50-60 адам тұ­рақты жұмыспен қамтылады. Құрылыс жұ­мыс­тарын жүргізуге кемінде 500-ге жуық азамат ат­са­лысады.

Ал күн панельдерін шығаратын зауыт­та бір ауысымда 29 адам жұмыс жасайтын бол­са, үш ауысымда 100-ге жуық азамат еңбек ете­тін болады,

– дейді Ермек Манатұлы.

Сондай-ақ Отырар ауданында ашылатын күн электр стан­сасы Шымкент қаласын 25 пайызға тоқ­пен қамтамасыз етуге қауқарлы.

Мәселен, тұтас Шым­кент қаласы сағатына 400 МВТ тоқ пайда­ла­­нады екен. Ал компания өндіретін 100 МВТ энер­­гия соның 25 пайызын қамтамасыз ете ала­ды.

Қазіргі таңда балама энергия көздерін да­мы­тып, табиғатқа зиян келтірмеу басты мақ­сат­тар­дың бірі болып отыр.

Сондықтан да Елбасы 2020 жылға дейін, Астанаға табиғи газ әкелуді Үкіметке тапсырды.

Бұл Астананың 20 жылдық меретойы қар­саңында ең маңызды жағымды жаңалық бо­лып отыр.

Өйткені бұған дейін көк түтінге ора­нып келген Астана аспаны шайдай ашылмақ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз